Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 10.04.2026 496 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Суицид – үлкен күнә» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Мұсылман адам үшін тыйым етілген ауыр күнәлардың бірі ­– суицид. Суицид сөзі – өзін-өзі өлтіру, өзін өмірден қасақана айыру дегенді білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 195-аятында: «Өз қолдарыңмен өздеріңе қауіп төндірмеңдер», – деп, бұл іске тыйым салған.

Қоғамда адамның өзін-өзі өлтіруге көбіне өмірдегі қиыншылықтар және де енді бұл ісім шешілмейді, өмірім оңалмайды делінген жаман ой себепші болады. Және де ең қиыны адам баласы өзіне қол жұмсау арқылы өмірдегі барлық қиындықтан құтыламын деп пайымдауы. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің біреулерің өзіне өлім тілемесін. Бәлкім, егер ол жақсы адам болса, ұзақ өмір сүріп, жақсылығы көбейе түсер, сөйтіп, (өмір) ол үшін жақсы болар. Бәлкім, егер жаман адам болса, жамандығынан қайтарылар», –деген (имам Нәсәи)»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру