Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ИСЛАМ ФИҚҺЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.04.2024 1020 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ИСЛАМ ФИҚҺЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік ислам лигасы жанындағы Ислам фиқһы академиясының мүшесі атанды.

Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Риядта ДИЛ жанындағы Ислам Фиқһ академиясының 23-отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын беделді академияның мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылданды.

Жиынға қатысушы ислам әлемінің жетекші ғұламалары Бас мүфтиді құттықтап, Қазақстандағы діни саладағы жұмыстарын жоғары бағалады.

Айта кетейік Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың мұсылман әлемімен қарым-қатынасы дамып, түрлі бағытта байланыстар жолға қойылғаны сөз болды.

Анықтама: Дүниежүзілік ислам лигасының Ислам құқығы (фиқһ) академиясы ғылыми ұйым. Тәуелсіз құқықсубъектілі ұйымға ислам елдерінің таңдаулы заңгерлері мен ғалымдары мүше. 1977 жылы құрылған.
 

Академияның міндеттері:

- Құқықтық қаулыларды түсіндіру. Өйткені, әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандар ислам құқығының мойындалған қайнарларына байланысты туындаған түрлі жаңа мәселелермен бетпе-бет келуде;
- Ислам құқығы мұрасын тарату және жаңғырту. Дәуір тілі мен концепциясына сай оның терминологиясын нақтылау.
- Ислам құқықтануы саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдап, ынталандыру;
- Өзекті сауалдарға қатысты сенімді ғалымдар мен беделді заң академияларының пәтуалары мен заң тұрғысындағы пікірлерін жинақтап, қарапайым мұсылмандар арасына тарату;
- Ислам құқығы жарғыларына қатысты туындаған күмәнді сауалдардың жауабын тауып, шешу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру