Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИЛЕР УАҒЫЗШЫ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.06.2022 1167 0 пікір
НАИБ МҮФТИЛЕР УАҒЫЗШЫ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Хәкім Абай» кітапханасында өтіп жатқан Қажылық-2022 уағызшыларының біліктілігін арттыруға арналған семинарда ҚМДБ Төрағасының орынбасарлары, наиб мүфтилер дәріс жүргізді.

Биылғы қажылық сапарына таңдап алынған 14 уағызшы имамға ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы «Қызметке жауапкершілікпен қарау» тақырыбында дәріс оқыса, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы фиқһ әдіснамасы мен пәтуа берудің әдіс-тәсілдерін баяндап берді.

Еске сала кетейік, арада екі жыл үзілістен кейінгі қажылық сапарына биыл елімізден 4 мыңға жуық қажы барады деп күтілуде. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру