Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.06.2022 1213 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ ғимаратында Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің алғашқы жиыны өтті.

Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және ҚМДБ мамандары, министрлік өкілдері, дәрігерлер тобынан құралған қажылық миссиясы өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қажылық кезінде атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Сондай-ақ қажылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де миссияның бақылауында болатыны айтылды. Наиб мүфти Ершат Оңғар миссия өкілдерінің міндетін шегелеп, бес парыздың бірі саналатын қажылыққа мұқият дайындық жасауды тапсырды.

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 14 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Қажылыққа баруға ниет еткен отандастарымыз осы 14 туроператордың қызметіне жүгіне алады. Қазіргі таңда аталған туроператорлар арқылы тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру