Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ДІН ТІРЕГІ – ИМАНДЫЛЫҚ

muftyat.kz 06.07.2020 652 0 пікір
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ДІН ТІРЕГІ – ИМАНДЫЛЫҚ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр кезде әртүрлі кездесулерде айтқан имандылық, отаншылық, білім, руханият жайлы ой-пікірлерін ұсынамыз.

Дін тірегі – имандылық. Ал имандылық Алла Тағалаға сиынған әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді, әділет-парасат жолымен ғана жүруге үндейді.

***

Кітап – ең сабырлы ұстаз.

***

Жастарға айтар ақылым: бақытты өмірді басқа жерден іздемеңдер. Бақыт өз еліңде, сол үшін жаныңды сал.

***

Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет бірлікпен толығады.

***

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген данышпан Абай өсиеті менің де ұстанатын өмірлік қағидам, санама сіңірген терең танымым.

***

Күн сайын, ай сайын құбылатын заманға сай амалың болуы керек.

***

Озбырлық тек зорлық-зомбылық туғызады.

***

Тарихи сенімділік – біздің ұлы тірегіміз,

***

Айқайшыл күшіңмен емес, игілікті ісіңмен таныл,

***

Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде ұлкен өркениет орнату мүмкін емес.

***

Білім – ұлы күш. Ол танымалдылыққа, даңққа, молшылық пен игілікке жол ашады.

***

Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді.

***

Оқу, үйрену – ұят емес, надандықта қалып, одан арылуға талпынбау ұят.

***

Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты.

***

Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ.

***

Бүкіл адамзатқа сөз арнаған Мұхаммед пайғамбар, иә, Алла жар болсын оған, бұл өмірдегі өз миссиясының басты мақсатын айқын тұжырымдаған: «Мен ізгіліктің тектілігін жетілдіру үшін ғана жіберілгенмін».

***

«Халықтарды бір бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ.

***

Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады.

***

Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

***

Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс.

***

Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Кімнің жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар.

***

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.

***

Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы мен діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Мен адам Құдайға жақын болу үшін оған қарай өмір бойы сапар шегуі керек дегенді жұбаныш етемін.        

***

Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа да білімдерді игерген адам болуы тиіс. Имамдар шешендік өнерді, адам психологиясын меңгерген идеологтарға айналуы керек.

***

Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл – біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. 

***

Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Кімнің жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар. 

***

Әлемдік әлеуметтік желілер діндер мен дін қызметкерлеріне қарсы толассыз шабуылға толып кеткенін көрмей қалуға болмайды. Әлемдік діндердің барлығы да сабырға, шыдамдылық пен ұстамдылыққа шақыруда. Адамдар арасында қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік пен келісімге үндейді. Әлемнің басқа діндері секілді ең толерантты діннің бірі – Ислам.  Исламды экстремизм мен лаңкестіктің кез-келген формасын ақтау үшін пайдалануға тырысу – күпірлік.

***

Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі