Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жеті рухани қазық»: Әділдік

muftyat.kz 16.04.2020 4371 0 пікір
«Жеті рухани қазық»: Әділдік

Әділдік – ізгіліктің өзегі. Әділдік жоқ жерде береке болмайды. Алла Тағала әрбір жаратылысты өз өлшемімен әділ жаратқан. Қоғамдағы қиянат пен жемқорлықтың жолын бөгейтін күш – әділдік. Әділдіктің салтанат құруымен ғана қоғам өркендейді. 

Қасиетті Құранда: «Әділ болыңдар. Шын мәнінде Алла Тағала әділ болғандарды жақсы көреді» («Хужурат» сүресі, 9-аят) деп бұйырады. 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында әділ болғандар қиямет күні нұрдан жаратылған мінберлерде болады...» (Имам Муслим) деп, әділдікті ұстанғандарға айрықша мәртебе берілетінін айтқан. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің соңына дейін әділдікті, адалдықты насихаттап, басқаларға іс жүзінде үлгі бола білді. Одан тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алған сахабалардың өмірі де әділдік пен адалдыққа негізделді. 

Хакім Абай «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ» деп әділдікті адами құндылықтардың өзегі ретінде көрсеткен. 

Мұсылманның ішкі жан дүниесі мен сырт келбеті, барлық іс-әрекеті әділдікке негізделуі тиіс. Төле би бабамыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, туралыққа, әділ болуға шақырған. 

Әділдік – адам баласының жеке өмірінен бастап, отбасылық, қоғамдық және мемлекеттік қатынастар секілді барлық салаларда орын алуы тиіс. Ал әділдік мына сипаттарда көрініс табады:

  • Адал
  • Шыншыл
  • Турашыл
  • Уәдеге берік
  • Аманатқа берік
  • Ақылды
  • Сенімді

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру