Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жеті рухани қазық»: Ауызбіршілік

muftyat.kz 06.04.2020 5003 0 пікір
«Жеті рухани қазық»: Ауызбіршілік

Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік. Халқымызда «Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, берекелі болары хақ.

Алла Тағала мұсылман баласына: «Бөлінбеңдер ...» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) – деп бауырмал болуға бұйырған. Мұсылман баласы көркем мінез-құлықпен ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтай білуі керек. Себебі, рухани тұрғыда өсіп-жетілген тұлға қандай жағдайда да барлық мәселені байыпты жолмен шешеді. Алла Тағала: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер...» («Мәида» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауызбіршілікте Алланың мейірімі, бөлінуде қаһары бар» (Имам Ахмад) деп, ынтымақ пен бірліктің мәнін ашып көрсеткен. 

Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деп бұқараны бірлікке шақырған. Ал ауызбіршілік мына қасиеттермен сипатталады:

  • Байсалды
  • Сабырлы
  • Бауырмал
  • Ымырашыл
  • Толерантты
  • Кешірімді
  • Мәмілегер

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру