Көптеген адамдар жігіттік, мәрттік дегенді ер адамның ажырамас сиволы деп санайды. Кейбір азаматтардың бойынан ерге тән мәрттік көп жағдайда табылмай қалып жататыны жасырын емес.
Еркек шоралық – әйелдік нәзіктікке қарама-қайшы ұғым болса, онда жігіттік – қайырымсыздық пен жауапсыздыққа қарама-қайшы ұғым болмақ.
Құран аяттарында үнемі ражул (ер адам) сөзін қолданатынын білеміз. Асылында, бұл сөз өз ішіне біз сөз еткелі отырған қасиеттерді сыйдырған екен.
Жүрегімен мешітке байланған әрі таза
Алла Тағала Құранда:
Бұл жерде мешітте тазаруды қалайтын ерлер бар деп айтылуда. Олар мешітке келіп тазарады: Алла күнә мен арсыздық атаулыдан арылып, тазаруға тырысатын жандарды жақсы көреді, деуде. Демек, ер азамат деген атқа лайық болу үшін ең әуелгі қасиеттерді бірі осы болмақ.
Олар үнемі Алланы еске алады әрі намаз оқиды
Құранда Алла Тағала:
Алланың үйінде, мешітте болатындар – нағыз ерлер. Бұл пәни, оның сұлулығы мен уайымы оларды Раббысына құлшылық етуден тоспайды.
Олар Жаратушысын қолдағы барынан артық екенін түсінгендер. Олар Алланың әміріне бойсұнуды бірінші орынға қойып, Оған ұнамды амалдар жасап, өзі де Раббысына ұнауды қалайтын жандар.
Бірде Абдлулла ибн Омар базарда жүргенде азан айтылады. Сол сәтте-ақ барлық саудагерлер заттарын жауып, мешітке қарай ағыла бастайды. Бұлардың ісіне тәнті болған ибн Омар:
«Бұлар жайлы Құранда «Сондай ер-жігіттер бар, олардың күн көріс көзіне айналған саудалары да, алу-сату істері де оларға Алланы ауызға алуына, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқуына және зекетті толық беруіне бөгет бола алмайды» деген аят бар»,- дейді. (Ибн Аби Хатим, Ибн Жәрир)
Олар уәдеге берік
Жаратушы Хақ Тағала Құранда нағыз ердің тағы бір сипатын былайша жеткізеді:
Шынайы иман еткен жандар өздерінің Раббысына берген уәдесіне өле-өлгенше берік болып өмірден озды. Ал кейбірі өз кезегін әлі де күтуде, дегенмен, Аллаға берген уәдесін бұзбайды.
Кейбір Құран тәпсіршілері бұл аят әз елшінің ﷺ саңлақ сахабасы Әнас ибн ал-Нәдрге қатысты түскен дейді. Бұл сахаба Бәдір соғысына қатыса алмай қалып қаты өкінген екен. Өкініш өзегін өртеген ол Алла елшісімен ﷺ тағы бір иық тіресіп шайқасқа қатысар болса, батырлығымды дәлелдеймін деп уәде береді. Ухуд шайқасында Сағд ибн Муаз оған: «Уа, Әбу Әмр! Қайда барасың?»,- дегенде: «Ухуд тауынан Жәннаттың иісін сезіп тұрмын»,- деп жауап берген екен.
Ол сол шайқаста мүшріктермен шайқасып, қаза болады. Оның денесі сексен жерінен тілінген екен, туған әпкесі бауырын саусағының ұшынан танығанын айтады. Осы оқиғадан кейін біз сөз етіп отырған аят түскен, деп жазады имам Ахмад «Муснадында».
Әнас секілді сахабалар өз сертінен еш уақытта таймаған, уәдесін орындап, сөзінде тұрған. Осылайша, Ислам діні бізге тап-таза, саф қалпында келіп жетті.
Олар Алла елшісін қорғайды
Құранда келген ер жігіттің ең басты қасиетінің бірі – ол Алла елшісін небір жаладан, жаман аттан қорғайды. Қорғай тұра өзінің сол амалына мақтау күтпейді я болмаса дүниелік пайдасын көздемейді. Құрандағы «Ясин» сүресінің 20-21- аяттарында:
Ибн Исхақ: «Бұл қаланың халқы өздеріне жіберілген елшіні өлтірмек болады. Сол кезде қланың арғы шетінен бір адам оларға көмектесу үшін жүгіріп келеді. Ол адамның аты Хабиб болған деседі, ол арқан есуші болған екен. Ол әлжуаз әрі алапес ауруына шалдыққан жан екен. Алайда өте жомарт, табысының жарымын садақа етіп жүретін адам болған екен, яғни фытраты таза жан болған»,- деп жазады.
Олар өзгелер үшін басын қатерге тігеді
Нағыз ердің Құранда аталған соңғы қасиеті – өзіне қауіп төніп тұрса да, өзгелерге демеу болу.
Мұса пайғамбарға жасалатын қастандықты ескертуге келген жігіт туралы аятта былай делінеді:
Бұл адамның қысқа жолмен Мұсаға тездетіп жетуге батылы жеткен. Бәлкім, Мұсаны ұстап алса, өлтіріп тастар ма еді?! Егер бұл адам Мұсаны асықтырмаса, сөзсіз, оны айуандықпен өлтіріп кетер еді, себебі дұшпандарын ашу мен надандық торлап алған болатын.
Расында да, дұрыс санап тұрған амалды жүзеге асыру үшін үлкен батылдық қажет екені сөзсіз.
Сонымен қатар, әрбір мұсылман өз бойына нағыз ердің қасиетін сіңіре білуі керек. Яғни, мешітке ынтық болу, тазалықты сүю, үнемі Раббысын еске алып, құлшылық жасап, уәдесіне берік болу, Алланың елшілерін қорғап, өзіне қауіп төнсе де, өзгелерді қорғауы тиіс.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру