Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан жоспары

16.05.2018 13191 0 пікір

 

Рамазан жоспарын өзіңізге жүктеп алыңыз

Рамазанның әр күнінде жасалатын,  күнделікті  атқарылатын сауап амалдардың кестесі:

Жоспар толық мақсатына жету үшін мынадай кеңестер ұсынылады: 

  • жоспардың әр кезеңінің арасын бөлетін парыз намаздар болсын, өйткені ол намаздарды дұрыс орындауға көмектеседі;
  • егер жоспардан кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз, оны міндетті түрде келесі кезеңде орындаңыз;
  • бір күндегі кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз оны қалдырмай, келесі күні міндетті түрде жасап үлгеріңіз;
  • бос уақытта пайдалы істермен айналысыңыз. Бұл жерде бос уақыт деп - бір іс пен басқа бір істің арасында болатын уақыттар айтылады. Мысалы, аялдамада көлік күту, көліктегі уақыт, азан мен қамат арасындағы уақыт, біреуді күтіп жатқандағы т.б. уақыттарды бос өткізбеуге тырысыңыз;
  • бұл жоспарды тек жалғыз өзіңіз емес, басқалармен қосылып орындасаңыз жалықпауға, дұрыс орындауға көмектеседі және олардың сауабындай сізге де сауап жазылады.

Осы кеңестер төмендегі жоспардың жақсы пайдалы түрде орындалуына септігін тигізеді деген ойдамыз.

Рамазан айының әр күнінде жасалатын жоспар

Бірінші кезең. Сәресі уақыты.

Мұнда біз үш амалды жасаймыз:
1) Екі рәкағат намаз оқу;
2) Сәресі ішу, оны соңғы уақытқа дейін кешіктіру сүннет;
3) Сәресі уақытынан яғни, таң намазының уақты кірмес бұрын 5-10 минут қалдырып, сол кезде күналарыңды еске түсіріп, истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау).

Екінші кезең. Таң намазының уақыты.

Таң намазының уақытында біз мынадай он амалды атқарғанымыз жөн:

  • Азанды тыңдау мен қайталау және азан дұғасын оқу;
  • Таң намазының екі ракағат сүннетін оқу (бұл екі ракағатты Пайғамбарымыз (Оған Алланың Салауаты мен сәлемі болсын) үйде оқып, сосын мешітке шыққан. Ал сіз өзіңіз таңдауыңызбен егер қаласаңыз, үйде немесе мешітте оқуға болады;
  • Мешітке бару және шығып бара жатқан кезіңізде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың Салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен дұғасын оқу [1];
  • Мешітке кірер алдында иғтикәфқа ниет ету, өйткені, иғтикәф аз болсын, көп болсын мешітте қалумен жүзеге асады. Сондықтан қанша мешітте болсаңыз соны иғтикәфқа ниеттеніңіз.
  • Мешітке кірерде оқылатын дұғаны оқу [2];
  • Мешітке кірген соң екі ракағат «Мешітке сәлем» намазын оқу және егер үйде оқымаған болсаңыз таң намазының екі ракағат сүннетін де оқу;
  • Азан мен қамат арасында уақыт болып жатса, өзіңізге және басқа да мұсылмандарға дұға қылу, өйткені азан мен қамат арасындағы дұға қабыл болады немесе Құран оқу, зікір айту т.б.
  • Қамат айтылғанда жүрегіңізді Аллаға арнаңыз, ниетіңізді жаңартыңыз және таң намазына періштелер куәлік ететінін есіңізге түсіріңіз. Намазды ықыласпен оқыңыз және шамаңыз келгенше оқылатын аяттарды түсінуге тырысыңыз.
  • Парыздан кейін тұрып кетпеңіз, отырып намаздан кейін оқылатын зікірлерді оқып дұға қылыңыз, өйткені мұның сауабы өте үлкен [4].
  • Егер имам намаздан кейін дәріс өткізсе, сабыр етіп оған қатысыңыз, өйткені, ол қысқа болса да, періштелер қатысатын ғылыми мәжіліске жатады.
Үшінші кезең. Таң намазынан күн шыққанға дейінгі уақыт.

Бұл уақытта мына амалдар жасалғаны абзал болады:

  1. Таңертеңгі дұғаларды оқу [5].
  2. Әртүрлі дұғалар жасау;
  3. Құран оқу, тыңдау;
  4. Білім алу, сабақ қайталау т.б.;
  5. Дұха намазын оқу (2 ракағаттан 8 ракағатқа дейін оқуға болады).
Төртінші кезең. Күн шыққаннан кейінгі кезең (жұмыс (сабақ) уақыты).

Бұл кезең дұха намазын оқығаннан кейін басталады. Әркімнің жұмыс, сабақ уақытына байланысты. Егер жұмысыңыз кеш басталса, бір сәт ұйықтап демалуға болады. Егер уақыт болмаса онда Аллаға тәуекел етіп жұмысыңызға барыңыз.

Жұмыста (оқуда) болған кезіңізде мына амалдарды істегеніңіз жөн:

  • жұмысыңызға (оқуға) уақытында барып, уақытында қайту. Оразаны жалқаулыққа сылтау қылмау керек. Өйткені Рамазан күрес /жихад/, құлшылық ету, амал ету айы, жалқаулықты үйрететін ай емес;
  • жұмысыңызды (оқуды) дұрыс, толық атқару. Өйткені Алла адал істі жақсы көреді;
  • жұмыс кезінде (оқуда) ешкімге зиян тигізбеңіз, ренжітпеңіз, сіз ораза ұстап жүргеніңізді ұмытпаңыз. Жұмысты (оқуды) ғибадат жасауыңызға кедергі деп ойламаңыз, керісінше ниетіңізді жаңартып, адал еңбек ету – құлшылық, тіпті Алла жолында күрес болып есептеледі;
  • парыз намаздарды жіберіп алудан сақ болыңыз, шама келсе, мешітте болмаса өз уақытында оқуға тырысыңыз, әрине мешіт абзал.
Ескерту: Осы кезде әйелдер мыналарды істегені жөн:

• Ауызашар тамағын осы уақытта дайындап қойған дұрыс, өйткені кешке ауызашар алдында басқа тамақ жасаудан абзалырақ істерді істеген жөн (ол істерге төменде кеңірек тоқталамыз).
• Тамақ жасап жатқанда, сол тамақпен ауызаштыруды ниет ету, егер ол тамақты өз балалары, күйеуі, қонақтар жесе де, сол тамақты қанша адам жесе соншама адамға ауызаштырудың сауабын алады.
• Тамақты мүмкіндік болғанынша жасау, яғни, түрлі-түсті тамақ жасап, ысырап жасау қажет емес, өйткені Рамазан тамақ ішу айы емес, тамақты шама келгенше үнемдеп, садақа берген абзал.
• Кедей-міскіндерге тамақ жасап беруге тырысу.
• Тамақ жасап жатқан уақытта Құран тыңдау немесе зікір, истиғфар айту сияқты амалдарды жасап уақытты пайдалы өткізу.

Бесінші кезең. Бесін мен екінті арасындағы (жұмыстан кейінгі) уақыт.

Бұл уақытта ұйықтап дем алуға тырысу керек. Өйткені, түнде тарауих оқуға және басқада маңызды істерді атқаруға күш жинау қажет және бұл Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті: «Қайлула жасаңдар (яғни, түсте бір сәт мызғып алу) шынында шайтандар бұл кезде ұйықтамайды» деген.

Ескерту: Әрине кейбір адамдардың жұмысы екінті намазынан кейін немесе ақшам кезінде бір–ақ бітеді. Сондықтанда басында айтқанымыздай бұл жоспар тек үлгі ретінде ұсынылады. Әркім өз уақытына лайықтап жасап алуына болады. Маңыздысы – жоспардағы айтылған іс-амалдарды қамту.

Алтыншы кезең. Екінтіден ақшамға дейінгі уақыт.

Бұл уақытты отбасымызға арнаған жөн. Жоғарыда әйелдер тамақты ерте жасау керек деген болатынбыз. Өйткені, әйелдердің екінті намазынан кейін тамақ пен айналысқаннан гөрі, отбасымен бірігіп мына істерді істегені абзал:

  • отбасының барлық мүшелері жинала отырып, Құран оқу және шариғатымызды үйрену, дұға жасау және бұл іске балаларымызды да араластыру;
  • қиссалар, риуаяттар, хадистер айту, сондай-ақ балаларға кішігірім жарыстар ұйымдастыру;
  • осы уақытты өз отбасымызға арнау керек және отбасында имани орта қалыптастыру қажет. Әрине мұндай отырыстардың балаларды тәрбиелеуде оң әсері мол. Сондай-ақ ерлі-зайыптар арасындағы байланысты күшейтіп, олардың араларында болған кейбір қайшылықтарды жоюға да әсері шексіз.
Жетінші кезең. Ақшамнан құптанға дейінгі уақыт.

Бұл уақытта ауыз ашылады, қуаныш уақыты. Пайғамбарымыздың Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылған:

«Ораза ұстаушының екі қуанышы болады. Біреуі ауыз ашқанда біреуі Қиямет күні Раббысына кездескенде..».

Бұл кезде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан ауызашар дұғасын [6] айтып, ауыз ашамыз.
Кейбір адамдар тамаққа қызығып, ақшам намазына мешітке баруды ұмытады. Әрине бұл сүннетке сай емес. Сондықтан да, ер адамдар ауызды мешітте ашып намазды оқып келіп, кейін тамаққа отырғаны абзал болады.

Сегізінші кезең. Құптан мен тарауих намаздарының уақыты.

Бұл уақытта мына амалдарға мән берген дұрыс:

  • үйіңізге жақын мешітті таңдау, өйткені, онда танитын адамдарыңыз болады, олармен байланысыңызды күшейтуге, қал-жағдай сұрасуға, бауырмашылықты арттыруға үлкен мүмкіндік болады. Әрине Хатым түсіретін мешіт болса, нұр үстіне нұр болады;
  • мешітке жалғыз бармай, таныстарыңызды, туыстарыңызды шақырыңыз;
  • намазды хушуғпен (ықыласпен) оқып, аяттардың мағыналарына ой жүгіртіңіз.
Тоғызыншы кезең. Тарауихтен кейін ұйқыға дейінгі уақыт.

Бұл уақытта мына амалдарға назар аударған жөн:

  • мүмкін болғанынша ерте ұйықтауға тырысу;
  • тамақтану, шай ішу, бірақ ысырап етпеу;
  • студент болса сабақтарын қайталау;
  • Құран оқуын толықтыру, егер қалып қойған зікір немесе кез келген жоспардағы амал бар болса оны толықтыру;
  • үйдің қажеттіліктерін өтеу т.б. пайдалы істерді істеу.
Оныншы кезең. Ұйқы уақыты.

Бұл кезеңге мән беру өте маңызды, өйткені жоғарыдағы амалдарды жақсы орындау үшін адамға күш қуат қажет. Егер ниетті жөндесек ұйқымызды да құлшылыққа айналдыруға болады. Ол үшін:

  • Ұйықтау мен құлшылық жасауға күш жинауды ниет ету;
  • Ұйықтаудың әдептерін ұстану (дәретпен ұйықтау, оң жаққа қарап жату, ұйықтар алдында айтылатын дұғаларды оқу [7].

 

[1] МЕШІТКЕ БАРА ЖАТҚАНДА АЙТАТЫН ДҰҒА.

«Аллаһуммә-ж’әл фи қалби нуран, уә фи лисәни нуран, уә фи сәм’и нуран, уә фи бәсари нуран, уә мин фәуқи нуран, уә мин тәхти нуран, уә ‘ан ямини нуран, уә ‘ан шимәли нуран, уә мин әмәми нуран, уә мин халфи нуран, уәж’әл фи нәфси нуран, уә а’зыйм ли нуран, уә ‘аззыйм ли нуран, уәж’әл ли нуран, уәж’әлни нуран, Аллаһуммә а’тыйни нуран, уәж’әл фи ‘асаби нуран, уә фи ләхми нуран, уә фи дәми нуран, уә фи шә’ри нуран, уә фи бәшәри нуран».

(Аллаhуммә-жәл ли нуран фи қабри уә нуран фиизоми) (уә зидни нуран уә зидни нуран уә зидни нуран) уә hаб ли нураналә нуран».

((اللَّهُمَّ اجْعَلْ فِي قَلْبِي نُوراً، وَفِي لِسَانِي نُوراً، وَفِي سَمْعِي نُوراً، وَفِي بَصَرِي نُوراً، وَمِنْ فَوْقِي نُوراً، وَمِنْ تَحْتِي نُوراً، وَعَنْ يَمِينِي نُوراً، وَعَنْ شِمَالِي نُوراً، وَمِنْ أَمَامِي نُوراً، وَمِنْ خَلْفِي نُوراً، وَاجْعَلْ فِي نَفْسِي نُوراً، وَأَعْظِمْ لِي نُوراً، وَعَظِّم لِي نُوراً، وَاجْعَلْ لِي نُوراً، وَاجْعَلْنِي نُوراً، اللَّهُمَّ أَعْطِنِي نُوراً، وَاجْعَلْ فِي عَصَبِي نُوراً، وَفِي لَحْمِي نُوراً، وَفِي دَمِي نُوراً، وَفِي شَعْرِي نُوراً، وَفِي بَشَرِي نُوراً)) (([اللَّهُمَّ اجْعَلْ لِي نُوراً فِي قَبْرِي... وَنُوراً فِي عِظَامِي])) [((وَزِدْنِي نُوراً، وَزِدْنِي نُوراً، وَزِدْنِي نُوراً))] [((وَهَبْ لِي نُوراً عَلَى نُورٍ))]

Аудармасы: «Я, Алла! Жүрегіме нұр сал, тіліме нұр сал, құлағыма нұр сал, жанарыма нұр сал және менің үстімен нұр бер, астымнан нұр бер, маған оң жағымнан нұр бер, маған сол жағымнан нұр бер, алдымды нұрландыр, артымды нұрландыр, жан дүниеме нұр сал және мен үшін нұрды ұлы ет, әрі мен үшін нұрды үлкен ет, мен үшін нұрды жақ әрі менің өзімді нұр ет! Я, Алла! Маған нұр сыйлай гөр, менің сіңірлеріме нұр сал, тәніме нұр сал, қаныма нұр сал, шашыма нұр сал, теріме нұр сал.

 

[2]. МЕШІТКЕ КІРЕРДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА.

(Мешітке) оң аяқпен кіру және кірерде былай деп айту қажет: «Ә’узу би-Лләһил ‘Азыйми, уә би-уәжһиһил-Кәрими, уә султани-һи-л-қадими, мин әш-шәйтанир-ражим. Бисми-Лләһ, уә-с-саләту уә-с-сәләму ‘алә расулиЛләһ. Аллаһуммә-фтәх-ли әбуәбә рахматик!»

((أَعُوذُ بِاللَّهِ العَظِيمِ، وَبِوَجْهِهِ الكَرِيمِ، وَسُلْطَانِهِ القَدِيمِ، مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ)) [بِسْمِ اللَّهِ، وَالصَّلَاةُ] [وَالسَّلَامُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ] ((اللَّهُمَّ افْتَحْ لِي أَبْوَابَ رَحْمَتِكَ))

Аудармасы: «Ұлы Аллаға, Оның ардақты Дидарына және Оның ежелден мәңгі билігіне лағынетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сиынамын. Алланың атымен, Алланың Елшісіне игілік пен сәлем болсын! Я, Алла! Маған рақымыңның есіктерін аша гөр!»

3. МЕШІТТЕН ШЫҒАРДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА.

«Бисми-Лләһи, уәс-саләту уәс-сәләму ‘алә расулиЛләһ, Аллаһуммә инни әс-әлу-кә мин фәдлик, Аллаһуммә-‘сымни минәш шәйтанир-ражийм»

((بِسْمِ اللَّهِ وَالصّلَاةُ وَالسَّلَامُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِك، اللَّهُمَّ اعْصِمْنِي مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ))

Аудармасы: «Алланың атымен, Алланың Елшісіне игілік пен сәлем болсын! Я, Алла! Шынында, мен Сенің кеңшілігінді сұраймын. Я, Алла! Мені лағынетке ұшыраған шайтаннан қорғай гөр».

 

[4]. НАМАЗДА СӘЛЕМ БЕРГЕННЕН СОҢ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР.

«Әстәғфиру-Ллаһ (3 рет). Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләму, уә минкә-с-сәләму, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам!»

((أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ (ثَلاَثَاً) اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ، وَمِنْكَ السَّلاَمُ، تَبَارَكْتَ يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالْإِكْرَامِ))

Аудармасы: «Алладан кешірім сұраймын (3 рет). Я, Алла! Сен Мінсіз («әс-Сәләм» - Аллаhтың қандайда кемшілік атаулыдан азат екендігіне нұсқайтын Оның көркем есімдерінің бірі.), әрі есен-амандық Сенен (Яғни: кез-келген қайғы-қасіреттерден Сен ғана құтқарасын), уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі-Берекелісің»

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир (3 рет). Аллаһуммә, лә мәни’а лимә ә’тайта, уә лә му’тыйя лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдду».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [ثلاثاً]، اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық, және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді (3 рет). Я, Алла! Сен берген нәрседен ешкім айыра алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Күш-Құдірет иесінің күш-құдіреті Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады».

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууатә иллә биЛләһ. Лә иләһа иллә-Ллаһу, уә лә нә’буду иллә ийәһу, ләһу-н-ни’мәту уә ләһул-фәдлу уә ләһу-с-сәнә-ул-хәсәну, лә иләһа иллә-Ллаһу мухлисынә ләһу-д-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَلاَ نَعْبُدُ إِلاَّ إِيَّاهُ, لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الكَافِرُونَ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі барлық мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтерді Ол береді, артықшылықтарға да Ол ие (Ең жоғары, кемел артықшылықтар немесе сипаттар меңзеледі), Оған көркем (лайықты) мақтау-мадақтар болсын. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, ал біз Алланың алдында дінде ықыластымыз, тіпті бұл кәпірлерге ұнамаса да».

«Субханә-Ллаһи, уәл-хамду ли-Лләһи, уа-Ллаһу Әкбару (33 реттен), лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир!»

((سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ (ثلاثاً وثلاثين) لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ))   

Аудармасы: «Алла Пәк (33 рет), бүкіл мақтау Аллаға (33 рет), Алла Ұлы (33 рет). Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді!»

«Ықлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін әр намаздан кейін бір рет, ал таң (фәжр) және ақшам (мағриб) намазынан кейін үш рет оқу керек:                                                                                                                                                                                                                                 
Әрбiр намаздан кейiн келесі «Аятул-Курсиді» оқу керек:

بسم الله الرحمن الرحيم

اللهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَىْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ

Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды да, олардан кейін не болатынынды да біледі, ал олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі (Алланың Күрсиі, Оның ‘Аршымен бір емес) көктер мен жерді қамтиды. Оған оларды қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор» («әл-Бақара» сүресі , 255-аят).                «Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юхйи уә юмиту, уә һууә ‘алә кулли шайин қадир».

 ((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ يُحْيِي وَيُمِيتُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)) عَشْرَ مَرّاتٍ بَعْدَ صَلاةِ الْمَغْرِبِ وَالصُّبْحِ

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (бұл сөздерді таң (фәжр) намазы мен ақшам (мағриб) намазынан кейін он реттен қайталау керек).

 «Аллаһуммә инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан-тайибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән».

((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نافِعاً، وَرِزْقاً طَيِّباً، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً)) بَعْدَ السّلامِ مِنْ صَلاَةِ الفَجْرِ

Аудармасы: «Я, Алла! Шын мәнінде, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе, (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын» (Таң (фәжр) намазынан кейін оқылады).

[5]. ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ КЕШКЕ АЙТЫЛАТЫН ЗІКІРЛЕР.

«Аят әл-Курсиді» оқу

«Ықлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін оқу

«Асбахнә уә асбәхәл-мулку ли-Лләһи (ал егер дұға кешке оқылса, онда: Әмсәйнә уә әмсәл мульку ли-Лләһи) уәлхамду ли-Лләһи, лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Рабби, әс-әлукә хайра мә фи һәзәл йәуми уә хайра мә бә’дәһу, уә ә’узу бика мин шәрри мә фи һәзәл йауми уә шәрри ма бә’дәһу! (ал егер дұға кешке оқылса, онда: Рабби әс-әлукә хайра ма фи һәзиһи-л-ләйләти уә хайра мә бә’дәһа, уә а’узу бикә мин шәрри мә фи һәзиһи-л-ләйләти уә шәрри ма бә’дәһа). Рабби, ә’узу бикә минәл-кәсәли уә су-ил-кибәри, Рабби ә’узу бикә мин ‘азәбин фи-н-нәри уә ‘азәбин фи-л-қабр!»

Таңертең: أَصْبَحْنَا وَأَصْبَحَ الْمُلْكُ لِلَّهِ

Кешкісін: أَمْسَيْـنا وَأَمْسـى المـلكُ لله

وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ،

Таңертең: وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا فِي هَذَا الْيَوْمِ وَشَرِّ مَا بَعْدَهُ، رَبِّ أَسْأَلُكَ خَيْرَ مَا فِي هَذَا الْيَوْمِ وَخَيرَ مَا بَعْدَه

Кешкісін: وَأَعـوذُ بِكَ مِنْ شَـرِّ هـذهِ اللَّـيْلةِ وَشَرِّ ما بَعْـدَهـا رَبِّ أسْـأَلُـكَ خَـيرَ ما في هـذهِ اللَّـيْلَةِ وَخَـيرَ ما بَعْـدَهـا

رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ وَسُوءِ الْكِبَرِ، رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابٍ فِي النَّارِ وَعَذَابٍ فِي الْقَبْرِ))

Аудармасы: Таңертең: «Біз таң атырдық, әрі осы таңда бүкіл  үстемдік Аллаға тән (Ән-Науауидің түсіндірмелерінде бұл сөздер оларды айтып тұрған кісінің бүкіл үстемдік әрдайым Аллаға тән болғандай, осы таңда да Оған тән екеніне көз жеткізген күйін түсіндіреді деп айтылады)».

Кешкісін: «Біз күн батырдық әрі осы кеште бүкіл үстемдік Аллаға тән».

«Барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық, Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі мақтау-мадақ Оған лайық, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді».

Таңертең: «Я, Раббым! Мен Сенен осы күнгі және одан кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы күнгі және одан кейінгі жамандықтан сақтауыңды тілеймін».

Кешкісін: «Я, Раббым! Мен Сенен осы түнгі және одан кейінгі жаксылықты сұраймын, әрі осы түнгі және одан кейінгі жамандықтардан сақтауынды тілеймін». «Я, Раббым! Мен жалқаулықтан әрі қаусап қартаюдан Өзіңе сиынамын. Я, Раббым! Мен Тозақ азабынан және қабір азабынан Өзіңе сиынамын!»

Таңертең: «Аллаһуммә, бикә асбәхнә, уә бикә әмсәйнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту уә иләйкә-н-нушуру».

((اللَّهُمَّ بِكَ أَصْبَحْنَا، وَبِكَ أَمْسَيْنَا، وَبِكَ نَحْيَا، وَبِكَ نَمُوتُ وَإِلَيْكَ النُّشُورُ))

Аудармасы: «Я, Алла! Сенімен таң атырдық және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз, әрі Сенімен көз жұмамыз, және қайтар жеріміз Сен жақ».

Кешке: "Аллаһуммә, бикә әмсайнә, уә бикә асбахнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту, уә иләйкәл мәсыйр".

اللّهُـمَّ بِكَ أَمْسَـينا، وَبِكَ أَصْـبَحْنا، وَبِكَ نَحْـيا، وَبِكَ نَمـوتُ وَإِلَـيْكَ المَصـير

Аудармасы: «Я, Алла! Сенімен күн батырдық және Сенімен таң атырдық, Сенімен өмір сүреміз, Сенімен (қалауыңмен) өлеміз, және қайтуымыз Сен жақ».

(Бұл дұғада «Сенімен» деген сөз «Сенің көмегіңмен» деген мағынада қолданылады. – Аудармашыдан (қаз.)).                                            

«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!»

((اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ))

Аудармасы: «Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!» 

«Аллаһумма, инни асбахту (егер кешке оқыса: "Инни әмсәйту", – дейді) ушһидукә уә ушһиду хәмәләтә ‘әршикә, уә мәләикәтәкә уә жәми’а халқикә, әннәкә Әнтә-Ллаһу, лә иләһа иллә Әнтә, уәхдәкә лә шәрикә ләкә, уә әннә Мухаммәдан ‘абдукә уә расулук» (4 рет).

اللّهُـمَّ إِنِّـي أَصْبَـحْتُ أَُشْـهِدُك ، وَأُشْـهِدُ حَمَلَـةَ عَـرْشِـك ، وَمَلائِكَتِك ، وَجَمـيعَ خَلْـقِك ، أَنَّـكَ أَنْـتَ اللهُ لا إلهَ إلاّ أَنْـتَ وَحْـدَكَ لا شَريكَ لَـك ، وَأَنَّ ُمُحَمّـداً عَبْـدُكَ وَرَسـولُـك .(أربع مرات حينَ يصْبِح أوْ يمسي(

Аудармасы: «Я, Алла! Осы таңда (егер кешке айтылса: «Осы кеште») мен Өзіңді және ‘Аршыңды көтеріп тұрушыларды, періштелеріңді және бүкіл жаратылыстарыңды ақиқатында Сен – Алла, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Сен Жалғыз, Сенің серігің жоқ екеніне, әрі шын мәнінде, Мухаммад – Сенің құлың әрі елшің екендігіне куә етемін».  (Бұл сөздерді төрт рет айту керек. Кімде-кім бұны таңертең және кешке істесе, Алла оны Тозақ отынан құтқарады).

«Аллаһуммә, ‘афини фи бәдәни, Аллаһуммә, ‘афини фи сәм’и, Аллаһуммә, ‘афини фи бәсари, лә иләһа иллә Әнтә, Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл-куфри, уәл-фәқри, уә ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, лә иләһа иллә Әнта!» (3 рет).

اللّهُـمَّ عافِـني في بَدَنـي ، اللّهُـمَّ عافِـني في سَمْـعي ، اللّهُـمَّ عافِـني في بَصَـري ، لا إلهَ إلاّ اللّه أَنْـتَ . اللّهُـمَّ إِنّـي أَعـوذُبِكَ مِنَ الْكُـفر ، وَالفَـقْر ، وَأَعـوذُبِكَ مِنْ عَذابِ القَـبْر ، لا إلهَ إلاّ أَنْـتَ .(ثلاثاً(

Аудармасы: «Я, Алла! Тәнімді сау-саламат ет! Я, Алла! Құлағымды сау-саламат ет. Я, Алла! Жанарымды сау-саламат ет! Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Я, Алла! Мен күпірлік пен пақырлықтан Өзіңе сиынамын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сиынамын. Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» (бұл сөздерді үш рет айту керек).

«Хәсбия-Ллаһу, лә иләһа иллә һууә, ‘аләйһи тәуәккәлту уә һууә Раббул ‘Аршил-’Азыйм» (7 рет).

((حَسْبِيَ اللَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ عَلَيهِ تَوَكَّلتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ)) (سَبْعَ مَرّاتٍ)

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру