Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жүректің бес түрлі дерті

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 26.03.2018 6252 0 пікір

 

Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса, қалған дене толықтай бұзылады. Ол – жүрек»,- деген.

Жүрегіміз денсаулықтың негізі ғана емес, жасайтын амалдарымыздың көрсеткіші болып табылады. Кейбір амалдарымыз оның саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Пессимизм

Ертеде бір мұңды адам өмір сүрген екен. Бір күні ол: «Уа, Жаратушы Ием! Менімен тілдесші?!,- деп дұға етеді. Сонда жел еседі. Алайда ол естімейді. Ол қайтадан: «Раббым, менімен тілдесші?!,- дейді. Сол сәтте аспанда күн күркірей жөнеледі. Алайда ол тағы да мән бермейді. Ол айналасына қарап: «Уа, Аллам! Сені көруіме мұрсат бер!»,- деп айқай салады. Сонда жұлдыздар жарқырап сала береді. Алайда ол тағы көрмейді. Мұңға батқан әлгі адам: «Раббым, маған белгі беріп, бір керемет көрсетші?!,»,- дейді. Сонда көктем келіп, айнала жаңа өмірге енеді. Бірақ ол адам оны да көрмейді.

Енді әлгі ол жыларман болып: «Раббым, маған жақындашы, жанымда екеніңді білейін»,- дейді. Сол мезетте көбелек келіп иығына қонады. Алайда ол оны да ұшырып жібереді де кетіп қалған екен.

Пессимизм – рухани көр әрі тас керең адамның өмірге деген көзқарасы. Ол Алла Тағаланың нығметтерін қабылдамау, сезбеу әрі көрмеу арқылы көрініс табады. Айналаңыздан әрі өзімізден жақсы тұстарымызды көруге тырысу керек, сонда ғана өмірдің қызыққа, қуаныш пен жақысылықтарға толы екендігін көреміз.

Құлшылықтың толық болмауы немесе намаз оқымау

Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құлшылықтың адамды лас дүниелерден тазалайтынын айтып, намазды бес уақыт өзен суымен шомылуға ұқсатқан. Заманауи ғалымдар құлшылық үстіндегі адамды нәрестеге теңеген, өйткені құлшылықта тән мен жанға шипа бар, ол рухани күшті толтырып, жағымсыз энергияларды тосып қалады. Сонымен қатар, құлшылық денсаулыққа да пайдалы, ол ағзадағы тепе-теңдікті сақтайды. Сондықтан да, намазға немқұрайлы қарағанда немесе мүлде қаза еткен кезде қандай нығметтен құр алақан қалып жатқанымыз жайлы ойланғанымыз жөн.

Қарыздар

Қарыз күйзеліске, қарым- қатынастың үзілуіне және қаржы мәселесінің қүрделенуіне әкеліп соғады. Бұл тек материалдық жағдайға ғана қатысты емес, адамның психологиялық мәселесі болуы мүмкін. Материалдық тұрғыдан қарағанда, екінші мәселеде қарызы көп  адамдар басымдау. Тиісінше көңіл бөлінбеген отбасымыз, құрмет көрсетпеген қонағымыз, жауапсыздығымыздың кесірінен қиын жағдайға қалдырып кеткен әріптесіміз не болмаса болмашы жағдайға бола ренжіткен адамдарымыз, айта берсек, санына жету мүкін емес.

Біз өзіміздің моральдық қарыздарымызды мойындамай кетуімізге немесе ақталуға тырысуға болады. Алайда олардан жасырынып қала алмаймыз. Олар біздің арымызды мазалап, жүрегімізге тыныштық бермейді. Ал ақыретте қарымын алары сөзсіз.

Жаман дос

Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Адамның діні досының діні сияқты. Кіммен достық құрғандарыңа мән беріңдер!»,- деген.

Бізді қоршаған өңкей уайымшыл әрі жалқау достар болатын болса, өзімізді бақытсыз сезінуге әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Дос таңдауда өте мұқият болған дұрыс. Алайда кез келген жағдайда өзіңмен-өзің күресуді естен шығармаған абзал. Егер айналамызда жақсы, ақжарқын адамдар болатын болса, сол адамдармен тең жүру керек, ал жағымсыз ортада бола қалсақ, олардың әдеттерінің бізге де әсер етуінен сақтану жолдарын қарастырып немесе қайырымдылық, өмірге деген құлшыныс арқылы жақсы үлгі бола білуіміз қажет.

Сабырсыздық

Алла Тағала «Бол» деп айтса жеткілікті, мүмкін болмайтын дүниелер орын алады. Алайда, «алма піс, ауызға түс» деген жоқ, Жаратушының үйлестірген табиғаты мен заңы сол, уақытты талап етеді. Табиғаттың заңдылығынан алар сабақ – шыдамдылыққа үйрену.

Екі дүниенің тәтті жемісі сабырмен күте білген, төзе білген әрі Жаратушыдан үмітін үзбеген жандарға әзірленуде. Асыққан адам пісіп үлгермеген жемісін жинап алған бағбанмен тең. Барлық амалдар жасалған соң, амалымыздың жемісін жеу үшін- сабырмен күту қалады. Өз берекемізді өзіміз қашырмай, сабырмен күте білсек, Алла бұйыртқан дүние бізді айналып кетпесі анық.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру