Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көңіл-күйдің 8 түрлі дұшпаны

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 16.03.2018 7099 0 пікір

 

Көңіл-күйіміз күніне неше мың мәрте құбылады. Оған тіпті таңқалмайтын болдық. Зерттеулер көңіл-күйді түсіретін факторлардың бар екенін анықтаған. Ал, ендеше, бұл мәселе жайлы шариғатымызда не айтылған екен?

Жаратушы Хақ Тағала мына бір аятта:

«Міне, бұл Құран адамдардың көбірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және өзіне қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады».  («Жәсия» сүресі, 20- аят)

Олай болса, біздің көңіл- күйімізге әсер ететін амалдарды қарастырамыз әрі шариғатымыздан қажетті кеңестермен бөлісеміз.  

Өзіңді өзгелермен салыстыру  

Қай жерде болсын айналамызда адамдардың суреттері қоршап алған (БАҚ, әлеуметтік желілер). Қанша мән бермеуге тырыссақ та, өзгелердің суреттері біздің көңіл-күйімізге әсер етеді. Бұл суреттердің барлығының жасанды екенін біле тұра, өзімізге ұнамайтын жерлеріміз бен қолымыздағы жоқ дүниелерді ойлай бастаймыз.

Кеңес: Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер өздеріңнен жоғары адамдарға қарамақшы болсаңдар, әуелі, өздеріңнен төмен адамдарға қарап алыңдар»,- деген.  (Муслим)

Бұл кеңес – өзгелердің асыра сілтей салған суреттеріне мән бермеудің ең қарапайым шешімі. Алайда, кейбір кездері бұл қағида ерікті я еріксіз түрде бұзылып жатады. Ол кезде не істеу керек? Ол кезде өзіміздің есімізге әлеуеттік жағдайы бізден де төмен жандарды есімізге алған жөн. Осылай ғана өзіміздің көңіл-күйімізді тепе-теңдікте ұстап, Аллаға деген шүкіршілігімізді қалыпта ұстай аламыз.

Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізу

Жақында жасалған зерттеулер адамдар әлеуметтік желіде қаншалықты ұзақ отырар болса, өмірінен бақыт пен қанағаттың жоғалуы соғұрлым тез болатынын анықтаған.

Кеңес: Ол үшін сол желіде пайдалы насихат немесе кеңеспен бөлісу арқылы адам баласы өзін азғырушы ойлар мен пайдасыз амалдардан сақтай алады. Әрі мұндай жанға жайлы насихат өзіміздің де көңіл-күйімізге жайлылық сыйлайды.

Мінез-құлқы жағымсыз адаммен ұзақ уақыт отыру  

Егер дімкәс адаммен ұзақ уақыт бойы бірге уақыт өткізер болса, ол адамның өзі де ауруға шалдығуы бек мүмкін. Көңіл-күй де сол секілді. Көтеріңкі көңіл- күйді жоқ етуші жағымсыз сезімдер екенін ұмытпаған жөн.

Кеңес: Үнемі шағымданып отыратын адамдардан жаныңызды аулақ ұстауға тырысыңыз. Егер олардан құтылу мүмкін болмаса, ол адамның шағымын үнсіз тыңдағаннан гөрі, әңгіме сарынын көңілді әңгімелерге ауыстырып жіберген дұрыс. Сабырлық танытып, ақиқатқа шақырушыларды сүйіншілеген мына аят жайлы әңгіме өрбітіңіз:

«...Тек иман келтіргендердің, соған сай игілікті істер атқаратындардың, бір-біріне ақиқатты насихаттайтындардың және сабырға шақыратындардың жөні бөлек» («Аср» сүресі, 3-аят)

 

Жүйесіздік

Бұл жерде бәрі түсінікті болар. Егер сіздің үйіңіз шашылып жатса, үстел үстіндегі ретсіздік болса бәрі сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Керісінше, тазалық пен реттіліктен өзіңізді жақсы сезінесіз.

Кеңес: «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті есте ұстаған жөн. (Муслим, Сахих)

Бұл ішкі әрі сыртқы тазалыққа да қатысты.

Ұйықтар алдында теледидар көру  

Зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонның, планшеттің, теледидардың жарықтары көңіл-күйімізді реттеуші әрі тек қараңғыда ғана бөлінетін ағзадағы мелатонин гармонын бөлуді тежейді.

Кеңес: Ұйықтар алдында он бес минут уақыттай жарық экранға қарамауды әдетке айналдырыңыз. Оның орына шариғатқа сай ұйықтар алдындағы дұғаны оқып, зікір еткен пайдалырақ.

Ұйқыға кеш жату

Ұйқыға кеш жататын адамдардың күннен күнге күйзеліске жиі ұшырайтыны зерттеулер нәтижесінде белгілі болған. Ұйықтар алдында ғаламторды кезіп, өзімізді демалдырамыз деген қате түсінік. Оның үстіне, Жаратушы ұйықтап, дем алу үшін берген уақытты бос нәрсемен өлтірген боламыз.

Кеңес: Төмендегі аят түнгі уақыттағы азғырушылармен күресуге таптырмас көмекші болмақ:

«Ол – тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны емін-еркін көріп, тіршілік ете алуларың үшін күндізді жарық қылып жаратқан Алла. Шүбәсіз, Раббың адамдарға аса шарапатты. Алайда адамдардың көбі шүкіршілік етпеуде». («Мүмін» сүресі, 61-аят)

 

Демалуға қарсылық

Мұсылман адам уақытын даналықпен жұмсауға тырысады. Кей кездері  сол ниетіміз демалудың да қажет екенін естен шығарып жіберетіні жасырын емес. Шариғатымыз рұқсат еткен жолмен тынығуға қарсылық көңіл-күйімізге кері әсерін тигізуі ықтимал.

Кеңес: Тынығудың маңыздылығы жайлы айтылған хадистер баршылық. Хандаля ибн Амир пайғамбарымызға көп уақыты отбасы мен бала-шағасына көңіл бөлумен кетіп қалатынын айтып, шағымданады. Сонда әз пайғамбар: «Бұған да, маңызды істерге де уақыт табу керек»,-деген екен.  (Бухари. Сахих; Муслим, Сахих)

Дұрыс тамақтанбау

Құрамында көп мөлшерде омега- 6 болған тамақтар, қуырылған тамақтар мидың қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді.

Кеңес:

«Ендеше, уа, адамдар! Жердегі барлық нығметтердің адал, тазасынан жеп-ішіңдер. Әзәзіл шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол – сендерге анық дұшпан» («Бақара» сүресі, 168-аят)

 

Медициналық зерттеулерге сәйкес, құрамында омега-з мол өнімдер көңіл-күйіміздің көтеріңкі болуына әсер етеді. Мәселен, грек жаңғағы, сардина, сиыр еті, бұршақ тұқымдастар, түсті қырыққабат.

Жаратушыдан осы мақаламыздың оқырмандарға пайдалы болуын әрі көтеріңкі көңіл-күйден айырмауын сұраймыз. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру