Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шайтан қалай азғырады?

Тимур қажы Қайдаров Шығыс қазақстан облысы Зайсан ауданының бас имамы www.muftyat.kz 07.12.2017 9767 0 пікір

 

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тура жолдан таймай, басқаның ала жібін аттамай тура жүруді мақсат етті. Сол үшін мейлінше адал болуға тырысты. Ұрпағына азғындықтан сақтайтын мол тағылым қалдырды.

Асыл дініміз исламда шайтаннан сақтану туралы тағылымдар молынан кездеседі. Адам әр қадамында өзіне сақ болмаса қауіп-қатермен бәле-жала бейім тұрады.

Шайтан дегеніміз-адамды тура жолдан азғырушы деген мағынада. Исламда әр ізгі сөз шайтаннаның азғыруынан сыйынумен басталады. Шайтан қашанда тура жолдан тайдырушы ретінде көрсетіледі. Бұл туралы қасиетті Құранның «Ағраф» сүресі, 22-аятында «Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»-деп ескертеді.

Шайтанның азғыруы деп адамды жеңіл жолмен пайда табуға, оңай байлыққа кенелуге, жат қылықтар жасауға әртүрлі жеңіл қылықтарға тартылуын айтуға болады. Халқымыз тура жолдан тайған адамды көргенде «оны шайтан азғырды», деп немесе «шайтанның арбауына ілесіп кетті» деп айтатыны содан болса керек.

Шайтан аздырушы болғандықтан ол нағыз дұшпан. Бұл туралы Қасиетті Құранкәрімнің «Фатыр» сүресінің 6-аятында:

«Әлбетте, шайтан – сендерге дұшпан, сондықтан, оны дұшпан тұтыңдар! Ол өз тобын (яғни, өзіне ергендерді) тозақ иелері болулары үшін уағыздайды», – деп нақты көрсетеді.
Шайтанды ібіліс деп те атайды. Құранда Ібілістің жындардан екендігі былай баяндалған: «…Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты…» («Кәһф» сүресі, 50-аят). Бұған қарағанда шайтанның түп-төркіні оттан екен деп білуге болады

Жындардың шығу тегі бойынша исламда : «Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік» («Хижр» сүресі, 27-аят), ал «Рахман» сүресінің 15-аятында «Жындарды оттың жалынынан жаратты» деп олардың жаратылысын баяндайды.

Адамның шайтанның азғыруына оңай көнетіндігін былай деп түсіндіреді. Ол туралы «Бақара» сүресі, 268-аятында:

«Шайтан сендерге (егер, сарып-ихсан ажы-ратсаңдар), кембағал болып қалуларыңмен қорқытады және бұзақылыққа бұйырады. Алла сендерге Өз жағынан жарылқау және кеңшілік (байлық) уәде қылады. Алла – (байлығы) кеңшілік және шексіз білуші» деген.

Яғни түрлі жеңіл жолдарға бізді шайтан итермелейді.

 Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде шайтанмен бетпе-бет әңгімелескені туралы хадис бар. Бұл хадисті сахаба ибн Аббас жеткізген.Бұл тағылымды әңгімеде адамдардың тура жолымен жүруі туралы, асыл парыздарды орындаумен тазалық, имандылық қағидаларын берік ұстағанда шайтанның алыс болатындығы айтылады.

Барлығымыз тура жолдан адаспайық. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру