Ислам дінінде барлық тылсым мен адам тағыдырына қатысты істердің шешімдері толық, әлдеқашан айтылып қойған десек қателеспейміз. Адам баласының басына түскен жақсылық пен жамандық адамның өз әректетіне тікелей байланысты болып келеді. «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деп қазақ ақындарының жырлауы тегі емес болса керек.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Шура» сүресінің 30 аятында:
Сонымен қатар Құранның «Әли-Ғимран» сүресінің 165 аятында «Өздеріңе келген сәтсіздік, сендер жауларыңның басына келтірген сәтсіздіктің жартысындай-ақ еді. Сонда да сендер:
Адамның зұлымдықтан құтылудың бірден бір жолы алдымен өзі жамандық жасаудан тыйылып, Алланың хақ жолымен жүрсе ғұмыры ғибратқа толы болмақ. Сонымен қатар Ала Тағаладын әр кез тура жолда болуды сұрау, тілеу керек.
Абдулла ибн Ұмардан жеткен хадисте: Алла Елшісі (с.ғ.с.):
Сонымен қатар адам халал ас ішіп, адал еңбегімен күнелтіп, тек қайырлы іс жасап жүрсе оның өмірі де соғұрлым нұрлы, берекетпен жақсылыққа толы болмақ.
Ұлы Жаратушы Алла Тағала басқаға жақсылық жасаған адамды Өзі жақсылықпен жарылқайды. Ал басқаға жамандық немесе зұлымдық жасаған адам жамандыққа жолығу әбден мүмкін.
Сондықтан пәле-жаладан аман болайық дексек, әр кез жақсылықпен ізгілік ойлайық.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру