Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қиямет күні қаншаға созылмақ?

"Тәнбихул ғафилин" кітабынан www.muftyat.kz 16.10.2017 8445 0 пікір


Әбу Бәкір Уасити былай айтқандай «Үш байлық бар: осы дүниедегі байлық, өлер кездегі байлық және Қиямет күнгі байлық. Аллаға құлшылық ету бұл — дүние байлығы. Өлер кездегі байлық — шәһәдәт (куәлік) айтып жанның тәннен шығуы. Алайда нағыз байлық — Қиямет күнгі қуаныш байлығы. Иман келтірген жан қабірінен шыққан кезде оны Жұмақпен қуантатын қуаныш хабаршысының келуі».

«Сол күні, тақуаларды Рахманның құзырына қонақ түрінде жинаймыз. Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз» (19:85-86).

Яхья бин Мұғаз былай дейді: «Әй, адамдар, ертең қабірлеріңнен тіріліп тұрып, бір-бірлеп Алланың алдына келесіңдер. Жасаған амалдарың үшін жауап бересіңдер. Түйеге отырған әулиелер (Алланың достары) Алланың мейіріміне қарай беттесе, күнахарлар жаяу-жалпылап Алланың азабына қарай беттейтін болады. Олар топтарға бөлініп, Тозаққа кіргізіледі».

Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Тіпті олай емес. Жер соғылысып, быт-шыт болған сәтте, Раббың елестеп, періштелер сап сап болған кезде» (89:21-22).

Уа, менің бауырларым, Қиямет күнінің ұзақтығы бірінші сүр үрленген соң елу жыл. Қиямет күні – қайғы мен өкініштер күні. Бұл күн — ұлы күн.  Бұл күні барлық адамзат баласы барлық әлемдердің Раббысы Алланың алдына келтіріледі. Осы күні мына сөздер жиі естілінетін болады: «Неге игі амалдар жасамадым екен?». Бұл есеп беру күні, Таразыға салу күні, Сот күні, Солқылдау күні, сенбеген, иман етпегендердің сенетін күні. 

Алла Тағала Құранда: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар» (3:105) дейді.

«Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларга жәрдем етілмейді» (44:41).
«Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді, әрі оларға көмек те етілмейді» (52:46).
«Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар» (31:33).
«Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады» (76:7).
«Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты» (22:2).

Мұқатил бин Сүлеймен: «Қиямет күні адамдар жүз жыл бойы ауыздарына дейін жететін терлеріне батып тұратын болады. Сондай-ақ, жүз жыл аласұрған күйде болады» деген.

Шындығында, Қайта тірілу күнінің ұзақтығы елу мың жылды құрайды, бірақ нағыз иман келтіргендер үшін бұл күн бір сағаттай болып өте шығады. Әй, ақыл иесі, Қиямет күнінің зұлымдығы мен қаталдығы сіз үшін жеңіл болсын десеңіз осы дүниеде барлық күш-жігеріңізді салып, құлшылыққа көңіл бөліңіз! 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру