Бір күні Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) таң намазын оқуға шығады, ал әйелі болса үйде құлшылық етіп қалады.. Бұл күні Ол оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелі Жууайрия бинт әл-Харисте (оған Алла разы болсын) қонған болатын.
Ол духа намазының уақытында үйіне қайтып оралғанда әйелін таңертең құлшылық етіп қалған орнынан табады. «Сен әлі таңертеңгі қалпындасың ба?», - деген сұрайды. Жууайрия мақұлдап: «Иә», - деп жауап береді.
Сонда отбасына, достарына, барша үмбетке қамқор болған сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі ұлы дұғаны үйретіп, былай дейді:
міне, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жарты минутын да кетірмей 3 рет қайталаған осы дұғасы тақуалардың анасы Жууайрияның (оған Алла разы болсын) бірнеше сағат жасаған құлшылығынан да мол сауапқа кенелтеді.
Бұл дұғаның күшін тереңірек түсіну үшін әрбір сөзін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп көрейік. Екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл дұғаны:
— «СубханАлла», - деген сөзбен бастаған.
Әдетте бұл «Аллаға Мадақ», - деп аударылады.
Осылайша, Аллаға телінетін кез келген жағымсыз қасиеттер жоққа шығарылады!
— Содан кейін ол «уа бихамдиһ», - деп айтқан.
Оның мағынасы: «Уа, Алла! Сен дәріптеуге барынша лайықсың».
Осы дәріптеу арқылы біз Алланың бірлігін, бірегейлігін, күшін, құдіретін, Оның барлық көркем есімдерін және Оған тән мадақтарды айтамыз!
Осылайша, біз Аллаға тән барлық жағымды қасиеттерді айтамыз.
Одан әрі дұғада Аллаға тән жағымды қасиеттерді дәріптеу және жағымсыз қасиеттерді жоққа шығару сипаттары мен түсіндірулері айтылады.
Дұғаның екінші бөлігін жақсы түсіну үшін, мысал келтірейік. Бір бала ата-анасына: «Мен сіздерді жақсы көремін»,- десе, екінші біреуі ата-анасын қалай қатты жақсы көретінін сипаттай отырып, былай айтады: «Мен сіздерді өте қатты жақсы көремін! Аспандағы жарқырап тұрған күндей қатты жақсы көремін! Ал менің сүйіспеншілігім аспаннан да биік!». Екеуі де өз сезімдерін білдіруде, бірақ, әлбетте, екінші бала барынша мықты сезімдермен жеткізген.
Мұның қандай көп екенін түсінесіздер ме?! Бұл әрбір адам, әрбір жын, әрбір періште, әрбір жануар, әрбір тіршілік иесі, әрбір тірі емес табиғаттағы зат, шөлдегі әрбір құм мен мұхиттағы тамшы су ғой! Әрбір жұлдыз бен әрбір өсімдік! Бір сөзбен айтқанда, әрбір бізге белгілі әрі белгісіз жаратылғандар! Алла Ұлық!
— «Оның қалауынша қанша рет болса, сонша рет мадақ болсын» (уа рида нәфсиһ).
Мұның мағынасы: «Уа, Алла! Сенің қалауыңша Сені сонша дәріптеймін де мадақтаймын».
Бұл қолжетерлік мақсаттардың аса үлкені, мүмкін болар қарқынның аса зоры!
— «Осы дәріптеулер мен мақтаулардың салмағы Оның Аршысының салмағына тең» (уа зината а'ршиһ).
Алла аршысы көлемінің қандай зор екенін елестетіп көріңізші! Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Аршыны көтеріп жүретін Алла періштелерінің бірі туралы менің айтып беруіме рұқсат берілген болатын. Асылында, оның құлақ сырғалығынан иығына дейінгі аралық жеті жүз жылды құрайды!» (Әбу Дәуд). Алла Аршысы қандай үлкен десеңізші, Алла Ұлық!
—«Оның сөздерін жазу үшін қанша сия қажет болса!» (уа мидаада кәлимаатиһ).
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:
Аталмыш төрт теңеулер туралы ойланған сайын, бұл дұғаның күшін көбірек сезіне түсеміз әрі сол үшін Алладан барынша хайыр аламыз. Осы дұғаны әр күні таңертең үш рет қайталауды ұмытпаңыз және басқаларға да айтыңыз, олар да дұғаны айтып жүрсін.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру