Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) неше баласы болған?

www.muftyat.kz 13.10.2017 4696 0 пікір

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті баласы: төрт қызы және үш ұлы болған. Кіші ұлы Ибраһимнен басқасының бәрі бірінші әйелі Хадиша анамыздан (оған Алла разы болсын) болған. Ал Ибраһим Мәриядан туған. 

Ұлдары:

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірінші баласы Қасым есімді ұл болған. Бұл ұл пайғамбарлыққа дейін дүниеге келген әрі аз ғана өмір сүрген. 

Ал енді Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екінші ұлына келер болсақ, оның есіміне қатысты келіспеушілік бар. Әртүрлі риуаяттарда әртүрлі есімдер келтірілген: мысалы, Абдулла, Тахир және Тайиб.

Ибраһим – Мәриядан туған және ол Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең кіші баласы болып табылады. Ибраһим екі жасында қайтыс болған. 

ҚЫЗДАРЫ:

Зейнеп (оған Алла разы болсын) – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең үлкен қызы. Оны Хадиша анамыздың (оған Алла разы болсын) жиені Абул-Асаға тұрмысқа берген. Зейнеп (оған Алла разы болсын) хижраның 8-ші жылы қайтыс болған. 

Руқаййа (оған Алла разы болсын) – Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны Осман ибн Аффанға (оған Алла разы болсын) тұрмысқа берген. Ол Бәдір шайқасынан кейін үш күннен соң көз жұмған. 

Үммү Гүлсім (оған Алла разы болсын) – Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны Утбу ибн Әбу Ләхәбқа тұрмысқа берген. Алайда олар бірінші неке түні болмай тұрып ажырасып кеткен екен. Руқаййа қайтыс болған соң, Үммү Гүслім Осман ибн Аффанға (оған Алла разы болсын) тұрмысқа шығады. Ол да әкесінің көзі тірісінде қайтыс болған. 

Фатима (оған Алла разы болсын) – Фатима Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кіші қызы болып табылады. Оны Әлиге (оған Алла разы болсын) күйеуге берген. Әли мен Фатиманың Хасан және Хүсейін деген екі ұлы болады. Фатима (оған Алла разы болсын) Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бақилық болған соң алты айдан кейін көз жұмған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру