Құран оқыған үшін берілетін сауап жайлы айтылған хадистер көп. Мәселен: «Құран оқыңдар. Өйткені, Құран қиямет күні оқығандарға шапағатшы боп келеді[2]». Сонымен қатар, мына хадисте Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендер Батхаға (Мадина қаласының сайы) барып ешбір күнәсіз, ағайын арасын бұзбай екі үлкен түйе алып қайтуды қалайсыңдар ма?». Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Оны баршамыз қалаймыз», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сендер мешітке барып, Алла кітабынан екі аят үйренулерің екі үлкен түйеден қайырлы...[3]», - деген екен.
Ал, енді мына хадистерде: «Кімде-кім білім іздеп жолға шықса, Алла Тағала оның жәннатқа барар жолын жеңіл етеді[4]» және «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа дінде білімді етеді[5]», - делінген.
Ал, дінді білу – Құран Кәріммен қатар хадис және сүннет жолымен жүзеге асады. Демек, хадисті үйрену және білу Алла Тағаланың пендеге берген жақсылығы.
[1] Бұхари
[2] Муслим
[3] Муслим
[4] Тирмизи
[5] Бұхари, Муслим
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру