Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұсыныс жасағанда қыз үндемесе, келісім берген болып санала ма?

www.muftyat.kz 04.10.2017 4756 0 пікір

 

Бүгінде ұсыныс жасағанда қыздың үндемеуі үнемі келіскендіктің белгісі болып табылмайды. Сондықтан да үйленерде қыздың келісімін алуда аса ұқыптылық танытқан жөн.

Иә, ертеректе мына адамға тұрмысқа шығасың ба деп сұрағанда, қыздың үндемей қалуы келіскендіктің белгісі болып табылған. Өйткені, ол кездің өзіне тән ерекшеліктері болған. Хадисте келгендей:

«Қызды тұрмысқа берерде міндетті түрде олардың пікірін біліңіз. Жесір немесе ажырасқан әйел өз пікірін дауыстап айтқан, ал бірінші рет тұрмысқа шыққалы тұрған қыз өз келісімін үндемей білдірген» (Табарани).
«Қыздың неке қию кезіндегі үндемеуі – оның келіскенінің белгісі болып табылады» (Мүслім).

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлдебір нәрсені көріп, үндемей қалса, онда бұл әрекеттің рұқсат етілгендігін білдірген. Егер әлде бір әрекет дінге қайшы келсе онда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірден араласатын болған. 

Зұлымдықтың жасалып жатқанын көре тұра үндемей қалу сол зұлымдыққа қатысқанмен тең. Бір күні Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Уа, Алла Елшісі! Байырғы халықтың кейбірін жер жұтып, жер сілкінумен құртылған. Бірақ соолардың ішінде тақуалар да болған ғой».

Сонда ол былай жауап берген:

«Иә, олар тақуалармен бірге жойылған. Өйткені, күнәһарлар күнәларын жасап жүргенде, тақуалар үндемеген әрі оларды тастап кетпеген».

Мұнан түсінетіміз, зұлымдықта үндемей қалуға болмайды. Егер бұған қарсы шығуға мүмкіндік болмаса, онда бұл жерді және осы адамдарды тастап кету керек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру