Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінімізде Отанға деген сүйіспеншілік нешінші орында тұрады?

www.muftyat.kz 29.09.2017 5804 0 пікір

Өз Отанына деген сүйіспеншілік  – бұл ең игі сезімдердің бірі. Сөзсіз, Отанға деген сүйіспеншілік біздің дінімізде маңызды орын алады. Мединеге қоныс аудару кезінде Хазрауа деген жерде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түйесін тоқтатып, кіндік қаны тамған туған жері - Меккеге қимастықпен қарап, былай айтқандығы келтірілген:
«Алламен ант етемін! Сен – Алланың ең сүйікті жаратқан жерісің. Мен үшін сенен артық, сенен қымбат үй жоқ. Егер мен көшуге мәжбүр болмасам сенен ешқайда кетпес едім әрі өмір сүру үшін басқа жерді таңдамас та едім».

Өзінің туған жерін қорғауға, сақтауға әр халықтың хақы бар. Жерді Отан ететін де осы. «Жер үшін жанын бергендер болғанда ғана, ол - Отан болады», «Отан - оттан да ыстық», «Отанды сүю - иманнан» деген қанатты сөздер бар.  

Әскер қатарында болу, соғыс ісіне үйреніп, өз Отанын, онда тұрып жатқан қарттарды, әйелдер мен балаларды жаулардың шабуылынан қорғау және сол үшін жанын қиюға дайын болу – діни тәрбие жүйесіндегі ең жоғары адамгершілік қасиет болып табылады.

Қасиетті Құранда да Отанды қорғау қажеттілігі туралы сөздерді көптеп табуға болады. Алла Тағала былай дейді:

«Алла (Т.) дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Алла (Т.) турашылдарды жақсы көреді. Шын мәнінде Алла (Т.) сендермен дін турасында соғысқандарды, жұрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды дос тұтуларыңа тыйым салады. Біреу оларды дос көрсе, солар залымдар» (60:8-9). 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру