Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Адам қайтыс болған үйде теледидар көруге бола ма?

www.muftyat.kz 27.09.2017 6340 0 пікір

Қайғы мен көздің жасы жақын адамның өліміне деген табиғи реакция болып табылады. Осы ретте, біздің дініміз азаның шегін нақты анықтап қойған.

Адамның өлімі оның жақын-туыстарына қашанда ауыр келеді, қабырғасын қайыстырады. Осыны ескерсек, қайтыс болған адамның жақындары тамақ әзірлеп, көңіл айтуға келгендерді тамақтандыруға міндетті емес. Өздері қайғыдан қан жұтып отырған адамдарға өзгенің көңіліне қарау қиынға соғатыны анық. Керісінше, олардың көрші-қолаңдары, достары қолдарынан келген көмекті аямай, аза тұтып отырған үйге ас әзірлеп әкелгендері жөн болады.

Жафар ибн Әбу Тәліб (оған Алла разы болсын) қайтыс болғанда Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқандығы келтірілген:

«Тамақ әзірлеп, оны Жафардың отбасына апарыңдар. Себебі олар бақытсыздыққа ұшырады» (Әбу Дәуід, Джанаиз, 25; Ибн Маджа, Джанаиз, 59).

Ал, адам қайтыс болған үйде теледидар көру, радио немесе музыка тыңдауға келер болсақ, бұған тыйым салынбағанмен қайтыс болған адамды құрметтеп, үйде тыныштық орнатқан дұрыс болады. Үйдегі тыныштық қайтыс болған адамға көрсетілген құрмет әрі оның жақын-туыстарын сыйлау болып саналады.

Оның үстіне қаза күйбең тіршілікте жүрген біздерге ақыретті еске салады. Өлімнен бұрын өмірдің қадірін білуді, әрбір сәтімізді бағалауды үйретеді. Сондықтан тірілерге ақыретті есіне салатын адамның қазасын теледидар көрумен немесе музыка тыңдаумен бұзуға болмайды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру