Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тамақты үрлеуге бола ма?

www.muftyat.kz 25.09.2017 9706 0 пікір

"Ешкім де өзі ішіп отырған ыдысына дем шығармасын"
Тамаққа немесе сусынға, сондай-ақ, ыдысқа дем шығару мәкрүһ болып табылады. Мұндай қылық басқа адамдарға жағымсыз болып тиеді әрі ыдысқа, тамаққа не болмаса сусынға аузымыздағы микробтар мен бактериялар түседі. Келесі хадистер тамақты үрлеуден аулақ болудың қажеттілігін көрсетеді:
«Егер кімде-кім су ішіп тұрса, стақанына дем шығармасын. Егер ол тағы да бір жұтым жасағысы келсе, онда стақанды аузынан алыстатып (дем шығарып), содан кейін қайтадан ішсін» (Хаким, Мустадрак, Ашриба; Канзул-Уммал, хадис №: 41080).

Ибн Аббастың (оған Алла разы болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ешқашан тамақ пен сусынды үрлемеген. Және де ешқашан ыдысқа дем шығармаған» (Ибн Маджа, Сунан).

Басқа бір хадисте былай келтірілген:

«Ешкім дәрет сындырғанда оң қолын жыныс мүшелеріне тигізбесін әрі әрі оң қолымен жумасын. Өзі сусын ішіп тұрған ыдысқа дем шығармасын» (Мүслім).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру