Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қандай әрекеттер кедейлікке себеп болады?

www.muftyat.kz 21.09.2017 5940 0 пікір

«Байлыққа құштар болудан сақтан, байлыққа деген тізгінсіз құштарлық  – бұл кедейліктің себебі» 

Қандай әрекеттер кедейлікке себеп болады?
Ең алдымен, басқа да ауыртпалықтар сияқты кедейліктің де сынақ екендігін білген жөн. Кедейлік Алланың сүйген құлының дәрежесін көтеру үшін немесе күнәсінің өтелуі үшін әлде жаза ретінде де берілуі мүмкін. «Басқаларға қарағанда ауыртпалықтарға пайғамбарлар, әулиелер және олардың жолдарын ұстанушылар ұшырайды» (Маджмауз-Зауаид, 2/292). Бұл хадистен түсінгеніміздей, ауыртпалық тек жаза болып табылмайды, ол артықшылық пен Аллаға жақындықтың да белгісін білдіреді.
Кедейлікке ұшырататын амалдарға келесілерді айтуға болады: 
Кедейлікке ұшыраттаны күнәлардың басында зина тұрады. Хадистердің бірінде былай айтылған:
«Зина кедейліктің себепкері» (Канзул-Уммал, №: 12989).
Тілемсектікпен айналысатындарға да кедейліктің есігі айқара ашылатын болады. Имам Тирмизи келтірген хадистердің бірінде былай келтірілген:
«Кімде кім тіленшектік есігін ашар болса, оған Алла кедейліктің жетпіс есігін ашып қояды» (Тирмизи, Зюхд, 17).
Байлыққа деген шектен шыққан құштарлық та кедейліктің шақырушысы болып табылады. Хадистердің бірінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адамға былай айтқаны жеткізілген:
«Байлыққа құштар болудан сақтан, байлыққа деген тізгінсіз құштарлық  – бұл кедейліктің себебі» (Хаким, 4/326). 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру