Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламда өлең шығарып, оны мәнерлеп оқуға рұқсат етілген бе?

www.muftyat.kz 19.09.2017 5721 0 пікір

Ислам діні өлең шығарып, оны мәнерлеп оқуға қалай қарайды?
Өлең шығару, оны мәнерлеп оқу, сондай-ақ, өлең айтуды әңгімелесумен салыстыруға болады. Кез-келген сөздің жақсы, жаман болатыны сияқты өлең сөздері де жақсы немесе жаман болып келеді.

Бір хадисте Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Бұл (өлең) – тек сөз ғана. Жақсысы – жақсы, ал жаманы – жаман» (Даракутни, Хаким, Байхаки).
Алла Елшісі (ған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының ішінде  Хассан және Абдулла ибн Раваха (оған Алла разы болсын) сияқты ақындар болған. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітте отырып, олардың шығарған өлеңдерін тыңдайтын.

Танымал ақындардың бірі Каб Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдында өзінің белгілі «Банат Суад» касыдасын оқыған, ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны тыңдаған. Тіпті сол касыдада сүйікті әйелдің сілекейін шарапқа ұқсату сияқты көптеген астарлы сөздер болғанына қарамастан, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өлеңнің оқылуына кедергі келтірмеген. Руйа «Бахр» кітабында былай жазылған:

«Касыдада айтылған Суад Кабаның әйелі әрі оның ағасының қызы болған. Өзі туралы Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаман айтқанын білген Суад қашып кетеді де, Каб көп уақыт Суадсыз өмір сүреді.  Осы айырылысу аталмыш касыданың жазылуына себеп болған екен».

Сахабалардың және ірі ислам ғалымдарының арасында өлең жазбаған жан жоқ шығар?! 

Осылайша, өлең жазуда тұрған еш әбестік жоқ деп айтуға болады. Ең бастысы, жазылған өлеңдер шариғат бекіткен шектен шықпаса болды. Ал бұл шектен шыққанның бәрі харам болып табылады.

Ислам ішімдікке, зұлымдыққа және арамдыққа тыйым салғаны белгілі. Сондықтан осы дүниелерді өлеңде немесе тақпақта айту, дін жағынан харам болып табылады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру