Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағы бір күн

www.muftyat.kz 18.09.2017 4720 0 пікір

Міне, қайтадан бір жаңа күн басталды, біз қайтадан күйбең тіршіліктің, күнделікті мәселелердің, даулардың, реніштердің және жаңа шыққан күн өзімен ала келген барлық нәрсенің тұтқынына айналамыз. Адамдар жосқынына ілесіп, аман қалу жарысына қатысып кеткенімізді өзіміз де байқамай қаламыз.

Айнадағы әп-әйбат түрімізге қарай салып, жұмысқа не болмаса кезекті кездесуге жүгіре жөнелеміз. Ал шашымызды жөндеп не болмаса иегіміз дұрыс қырылды ма, жоқ па, немесе  Алла Тағаланың бізге берген көркем бейнесіне тамсана қарау мақсатында айнадағы өз бейнемізге қарамағалы көп болды ма?

Осы таңда Жаратушымызға разы болудың 10 себебі:


  1. Сен ұйқыдан ояндың... Алдыңда игі амалдар жасап, жасаған күнәларыңа тәубә жасайтын тағы бір күн тұр.
  2. Төсектен ауырмай-сырқамай, жағымсыз сезімсіз тұрдың. Саған күш-қуат пен денсаулық берген Оған шүкірлік айт, өйткені біреудің денсаулығы жоқ.
  3. Душ қабылдап, сергіп аласың. Ал бір жерлерде ауыз су да тапшы.
  4. Азық-түліктен қалағаныңды аласың. Жер бетінде қаншама миллион адам тамақсыз үнемі ашығуда екенін сен білесің бе?
  5. Алла Тағала саған иіс-дәм сезу қабілеттерін берген, сен жеген тамағыңнан рахат аласың — кейбір адамдар дәм сезбейді, олардың тамақтануы формалды түрдегі жеу ғана.
  6. Алла саған күннің шығуы мен батуын, таулардың шыңын, көз тартар әдемі гүлдерді тамашалауға мүмкіндік берді. Осындай сұлулықты көрмей қалай өмір сүрер едің?
  7. Құстардың сайрап салған әнін, теңіз толқынының шуылын, жаңбырдың тамшылап жауғанын сен ести аласың... Ал саңырау адамдардың неден айырылғанын сен түсінесің бе?
  8. Сен ұлыңның сыңғырлап күлгеніне қуанасың, қызыңның жұмсақ шашын сипайсың, бірақ Алла Тағала кейбір адамдарға Алла Тағала өз балаларын бағып-қағу бақытынан айырған.
  9. Жұмыс күнінен кейін сен тәтті ұйқыға кетесің, ал басына қиын-қыстау күн туған әлдекім мүлкін жоғалтып алудан қорқып әрі шешімі табылмаған мәселелерден басы қатып, тіпті бір минут та тыныш ұйықтай алмайды.
  10. Жаратушы саған Оған разы болу, Оны дәріптеу, мадақтау бақытын берген, ал басқа біреу болса, Алла Тағаланың бар екенін, Қиямет күнгі болар сұрақтың бар екенін біле тұра, оны бұл фәни дүние қамы Жаратушы Жалғыз Алланы еске алудан алыстатқан. Алла оған дұға жасап қолын көтеруге, көзінен жасын ағызып шын ниетімен тәубә жасауға не болмаса Әлхамдулилләһ, СубханАлла, Лә иләһа иллә Лләһ деп айтуға мүмкіндік бермеген.

Ал ертең, егер Алла қаласа, бізді тағы да бір күн күтетін болады ...

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру