Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Намаз оқуды уақыттың соңына қалдыруға рұқсат етілген бе?

www.muftyat.kz 18.09.2017 4094 0 пікір

"Намаз оқуды уақыттың соңына қалдыруға рұқсат етілген бе?" деген сұраққа жауап ретінде келесіні айтуға болады:

1. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген: «...Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды» (4:103). Бұл аяттан түсінетініміз, әрбір намаз нақты бір уақытта орындалады.

2. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтуына қарағанда, намаз уақыты кіре сала оқылған намаз ең игі амалдардан болып табылады (Бұхари, Мауақит, 5; Мүслім, Иман, 139).

3. Намазды себепсіз оның  уақытының соңына қалдыру тахриман-мәкрүһ болып табылады  (әл-Ихтийар, 1/41; Уахбату Зухайли, әл-Фикхул-Ислами, 1/522). 

4. Уақытында оқылмаған намаз қаза-намаз, яғни, қарыз болып қалады. Оны өтеу  қажет. Қарыз ретінде қазаның орнын толтырып оқыған намаздың қасиеті әрі сауабы жағынан уақытында оқылған намазға тең келмейді.

Алайда, осы арада айта кететін бір жайт -  нақты бір себептердің салдарынан кейде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейбір намаздарды кейінге қалдырып отырған. Мысалы үшін, бұлтты немесе қатты ыстық болғанда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бесін намазының оқылуын кешіктірген екен (әл-Ихтийар 1/39).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру