Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ой, Алла! Мұның адам болу мүмкін емес, бәлкім бұр құрметті періште ғой” десті

"Әнуәрул-ғашиқын" кітабынан www.muftyat.kz 08.09.2017 5495 0 пікір

«Ой, Алла! Мұның адам болу мүмкін емес, бәлкім бұр құрметті періште ғой” десті».

Бір риуаятқа сай, Зулейха Жүсіпті (Жүсіп пайғамбар) азғыру үшін оның көзінше шешініп, суы толы алтын ваннаға түседі.
Уахб ибн Мунаббих былай дейді:
«Зулейха Жүсіпке аса ынтық болатын, тіпті онымен бірге төсекке жатпақ болады. Сол кезде қабырға ашылып, Йақубтың бейнесі көрініп: «Уа, Жүсіп! Надандар жасайтын істі жасама. Сен – пайғамбарсың!» деген.  

Содан кейін Жүсіп есікке қарай ұмтылады, бірақ Зулейха оны арт жағынан ұстап алып, көйлегін жыртып тастайды.

Зулейханың ұсынысынан Жүсіп бас тартып кетіп қалғанда, ол: «Жүсіп маған қастық жасады», - деп  күйеуіне шағым жасайды.

Мұны естіген Жүсіптің берекесі кетеді. Сол кезде сол бөлмеде бесікте жатқан бір сәби Алланың қалауымен былай тіл қатып: "Егер Жүсіптің көйлегі арт жағынан жыртылса, оның айтқаны шын" дейді.

Ал Жүсіптің көйлегі арт жағынан жыртылған болатын. 

Сонда Зулейханың күйеуі: "Мұның бәрі оның ісі, кешір мені, Жүсіп" дейді.

Болған оқиға туралы сыбыс күллі Мысырға тарап кетеді. Зулейханың он екі досы келіп оған: "Сенің ғашық болған құлың бар екен ғой", - деп мұқатады. 

Зулейха олардың қолдарына өткір пышақ ұстатып, бір-бірден тәрәнжі береді. Содан кейін Жүсіпке:

- Әдемі киініп, бізге кел, - деп бұйырады. 

Жүсіп әйелдер отырған жерге кіріп келгенде, олар одан көздерін ала алмай қалады. Таңғалғандарынан өз қолдарын қалай кесіп алғандарын білмей қалады да өзара "Бұл адам емес, мүмкін періште шығар" деседі.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтады: 

«Ой, Алла! Мұның адам болу мүмкін емес, бәлкім бұр құрметті періште ғой” десті». (12:31).

Кабул-Ахбар былай дейді:

"Жүсіптен жұпар иіс аңқып тұратын. Оның үлкен көздері, қалың қасы мен оймақтай ғана аузы болатын. Ол күлген кезде оның тістері жарқырап тұратын. Жүсіп көшеде кетіп бара жатқанда үйлердің қабырғаларын күннің сәулесіндей жарқырататын". 

Жүсіптің сұлулығы — Алланың берген сыйы еді. Сұлулықтың тең жартысын Алла Тағала Жүсіпке сыйлаған, ал қалған жартысын осы әлемге берген.  Жүсіптің жүзін көрген жандар, олардың алдында періште тұр деп ойлап қалатын болған екен.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру