Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақыб пен Жүсіптің (оларға Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлығы

www.muftyat.kz 06.09.2017 4025 0 пікір

«Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді (12:4)

Вехб ибн Мунаббих былай келтірген: Алла Тағала Ибраһимнің  (оған Алланың сәлемі болсын) жанын алған кезде, Исмаил (оған Алланың сәлемі болсын) Меккеде тұрған болатын. Исхактың Ийс, Якуб есімді екі ұлы болған. Олар егіз еді. Бұл дүние есігін ашпай тұрып  Ийс Якубке былай деген екен:

- Егер сен менен бұрын дүниеге келер болсаң, мен сенің аяғыңнан тартып, үшеуміздің де көз жұмуымызға себеп боламын. Сонда Якуб (оған Алланың сәлемі болсын): - Жақсы, бұл дүние жарығын сен бірінші көр, - деген екен.

Осылайша, бұл өмірге Ийс бірінші болып, ал Якуб екінші болып келген екен.

Ийстің Рума есімді бір ұлы болған.  Одан византиялықтар тараған. Ал Якубтың он екі ұлы болған, соның бірі Юсуф (оған Алланың сәлемі болсын). Юсуф он екі жасқа келгенде, жұма күндерінің бірінде он бір жұлдыз, күн мен ай  алдына келіп құлайтын бір түс көреді.  Бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген:

«Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді (12:4).

Омер Насафи былай айтқан: Юсуфтың ағаларына шайтан қарт адамның бейнесінде келіп былай деген екен:

- Юсуф сендерді өзінің құлдары ретінде ұстағысы келеді.

- Одан қалай құтылсақ болады, - деп сұрайды ағалары?

 Шайтан айтады: - Оны өлтіріңдер де істегендерің үшін тәубелеріңе келіңдер.

Арам ойларын іске асырмақ болып, ағалары Юсуфты жапан далаға апармақшы болып, Якубтен келіп рұқсат сұрайды, бірақ Якуб оларға рұқсатын бермейді:

- Сендер Юсуфты қараусыз қалдырып, оны қасқыр жеп қоя ма деп қорқамын, - деп айтады.

Оған ағалары былай жауап қайтарады: - Оны қорғайтын біз бармыз ғой, оны қасқыр қалай жемек?

Алайда осыған дейін  Якуб түсінде Юсуфқа қасқырлардың шапқанын көрген болатын, сондықтан да рұқсатын бермейді. Якубтың көрген түсінде, Юсуф таудың төбесінде тұрады, ал оған он қасқыр шабуыл жасайды, ал он бірінші қасқыр оны қорғайды. Сол уақытта жер ашылып кетеді де Юсуф оның ішіне түсіп кетеді, содан кейін қайтадан көтеріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру