Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тамақ ішу кезінде үндемеу отыру сүннет пе?

www.muftyat.kz 06.09.2017 4927 0 пікір

Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тамақ ішу кезінде үндемей отыру қажеттілігі туралы еш хабарлама жетпеген. 

Жалпы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінде бар дүниеге үнемі қанағат еткені жақсы мәлім. Оның тамақ мөлшері бірнеше құрма, кепкен нан мен судан ғана тұрған. Сол үшін, қазіргі кезде біз жасайтындай дастархан басында ұзақ отырмайтын. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде тамақ ішуге аз уақыт жұмсалатын.

Дегенмен, адамдардың арасында тамақ ішіп отырғанда сөйлеуге болмайды деген пікір бар. Бұл пікірдің өзі ауызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге болмайды дегенді меңзесе керек?! Бірақ, бұл жалпы тамақ ішу барысында сөйлеуге болмайды дегенді білдірмейді.

Ал тамақ ішу әдебі мәселесіне келер болсақ, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі жайттардың сақталу қажеттігін айтқан:

- Тамақты оң қолмен әрі өзінің алдынан ғана жеу.

- Тамақ жеудің алдында «Бисмилля» деп айту.

- Тамақты үрлемеу.

- Артық тамақтанудан аулақ болу. 

Ал тамақ ішу барысында жақсы әрі пайдалы дүниелерді айтуда тұрған еш әбестік жоқ. Алайда ауызға тамақты толтырып алып сөйлеу әдепсіз қылық болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру