Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбандықтың мәні неде?

www.muftyat.kz 01.09.2017 3990 0 пікір



«Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді» (5:27)

Сұрақ: Құрбандықтың мәні неде?

Жауап: Алла Тағала жаратқан құлдарына тілмен, жүрекпен әрі мүлікпен құлшылық етуді міндеттеген. Мүлікпен құлшылық етудің бір түрі құрбандық шалу болып табылады.

Нақты күні, нақты жастағы және нақты белгілері бар малды құрбандыққа шалу - құрбандық болып саналады.  Құлшылықтың бұл түрі Аллаға жақындаудың, Оның разылығы мен мейіріміне бөленудің, сондай-ақ, жоғары дәрежеге жетудің құралы болып табылады.

Былайша айтқанда, шариғат терминологиясы бойынша, Алла Тағалаға жақындау мақсатында нақты уақытта құрбандыққа шалынатын малдың атауы. 

Құрбандықтың мақсаты - бойсұнушылық пен Жаратушының бұйырғандарын орындау арқылы жаратылған құлдың Оған жақындауы болып табылады.  Ақиқат жолында өзін-өзі құрбан етудің белгісі әрі Алланың берген барлық нығметі үшін разылығы  құрбандық болып табылады. Нәтижесінде адам баласы мол сауапқа кенеліп, көптеген апат пен бәледен құтылады.

Фикх терминологиясында Құрбан айт мейрамында шалынған құрбандық «удхийа» деп аталады, өйткені құрбандық шалу негізі таңертеңгі дұға-намазының уақытында орын алады (Ширатул-Ислам, 218 б.).

Құрбандық шалу негізгі діни ұйғарымдардың бірі болып табылады. Сондықтан егер әлдекім құрбандық шалудың орнына садақа таратқысы келсе, оған тыйым салынған, себебі құрбандықтың рукуны Алла разылығы үшін құрбандыққа шалынған малдың қанын ағызу болып табылады. (Ширатул-Ислам, 218  б.).

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне құрбандық шалу хижраның екінші жылы бұйырылған болатын. Құрбандық шалудың заңдылығы Кітаппен, сүннетпен әрі үмбеттің келісімімен дәлелденген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру