Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қай жастан бастап қажылыққа баруға болады?

www.muftyat.kz 29.08.2017 5584 0 пікір

"Қажылық парызын  өтеу үшін нақты жас шамасы  анықталмаған,  тек міндеттілік бар"

Сұрақ: Қай жастан бастап қажылыққа баруға болады?

Жауап: Жыныстық толысу кезінен бастап, адам баласы үшін Алла Тағаланың бұйырғандарын орындап, ал  тыйым салғандарынан тыйылуға жауап беретін кез келеді.  Өздігінен болатын алғашқы ұрық шашу басталғанда немесе он бес жасқа толғанда, адам жыныстық толысу жасына жетті деп саналады. Осы кезден бастап он бес жастағы жасөспірім мен жетпіс жастағы қарт адам -  Исламның бұйрықтары мен тыйым салынғандары жағынан Алла алдында тең болады.

Он бес жасқа толған мұсылман намаз оқып, ораза ұстауға міндетті, сол сияқты егер қажылықтың қажетті шарттары болған жағдайда, қажылық парызын өтеуге де міндетті. Егер он жеті немесе он сегіз жасар мұсылманның күш-қауқары жеткілікті, денсаулығы жақсы болып әрі қажылықты өтеуге материалдық мүмкіндіктері жетіп жатса, онда оған қажылық парызын өтеуін кейінге қалдыруға болмайды.  

Қажылықты тек қарт адамдар өтеу керек деген пікір негізсіз әрі қате болып табылады. Намаз бен қажылықтың арасында еш айырмашылық жоқ. Өйткені ешбір адамның кәрілікке дейін өмір сүреді деген кепілдігі жоқ. Сондықтан қажылықты жастық шақта бірінші мүмкіндік бола қалған кезде өтеу қажет.  Ақыл иелері жас кезінде-ақ игі амалдар жасап әрі Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, өлімге дайындалады. 

Қажылық парызын  өтеу үшін нақты жас шамасы  анықталмаған,  тек міндеттілік бар. Ал қажылық қажетті шарттардың бар болуымен міндеттеледі, ал қажетті шарттарға мыналар жатады:  балиғатқа толу,  денсаулықтың жақсы болуы және материалдық мүмкіндіктер.  Адамға қажылық парыз болған кезден бастап, Алланың бұйырғанына бағынып, оны өтеу қажет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру