Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбандыққа шалынған малдың етін қалай бөлу керек?

www.muftyat.kz 28.08.2017 12111 0 пікір

«Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер.

Сұрақ: Құрбандыққа шалынған малдың етін қалай бөлу керек?

Жауап: Құрбандыққа шалған малдың етін үшке бөлу керек. Бір бөлігін өз отбасына қалдырып, екінші бөлігін туған-туыстарға, ал үшінші бөлігін кедейлер мен мұқтаж жандарға таратып беру қажет. Құрбандыққа шалынған малдың етін осылай бөлу мандуб (мақұлданып, қошталатын іс) болып табылады.

 Бұл жөнінде келесі аятта былай айтылған:

«Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер (22:28).

Сонымен қатар, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  құрбандыққа шалынған малдың етін оның иесі де жеуіне және етті басқа адамдарға таратып беруіне түрткі болды. Басқа адамдарға таратылған еттің көлемі 1/3 бөлігінен кем болмағанда мандуб болып саналады. Дегенмен, егер құрбандық шалған адамның отбасы үлкен әрі өзі ауқатты болмаса, онда бұл жағдайда сойылған малдың етін толықтай өзіне қалдырғаны дұрыс болады, өйткені өз отбасының қажеттілігі мен мұқтаждығы басқа адамдардың мұқтаждығымен салыстырғанда маңызды болып табылады. Осы жағдайға көңіл бөле отырып, Алла Елшісі  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тұрмысы төмен адам, бірінші кезекте, өз отбасының қамын ойлауы керек деген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру