Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Еркек әйелін намаз оқуға әрі үйде орамал тағып жүруге мәжбүрлей ала ма?

www.muftyat.kz 28.08.2017 5710 0 пікір

"Намазға келер болсақ, күйеуі ақыл айтып дұрыс жөн сілтеуге міндетті"

Сұрақ: Еркек әйелін намаз оқуға әрі үйде орамал тағып жүруге мәжбүрлей ала ма?

Жауап: Әйел адам үйде жалғыз болғанда немесе махрам емес болып саналатын бөтен еркектер болмағанда, орамал тақпай, өз қалауы бойынша киіне алады. Бұл күнә болып табылмайды, сондықтан бұл жағдайда орамал тағуға мәжбүрлеу жарамайды әрі дұрыс емес.

Намазға келер болсақ, күйеуі ақыл айтып дұрыс жөн сілтеуге міндетті. Егер әйелі намаз оқымаса, күйеуі оған намаздың маңыздылығын және одан бас тартқанда не болатынын айтып түсіндіруі тиіс. Қажет болса оған осы мәселе түсіндірілетін діни әдебиет оқуға керек. 

Егер осы тырысудың бәріне қарамастан, әйел намаз оқуды бастамаса, онда күйеуіне қаталдық танытуға болады.  Егер бұл да іске аспаса, онда күйеуі уақытша неке төсегіне жатпай қоюына болады.  Егер бұл да көмектеспесе, онда күйеуі өз міндетін өтеген болып саналады әрі бұдан былай әйелінің әрекетіне жауап бермейтін болады. Егер әйелі намаз оқымайтын болса, күйеуі оны балағаттап, былапыт сөздермен ұрсуға, оған қоса оны ұруға құқысы жоқ. Сондай-ақ, ажырасуға себеп болып табылмайды, әсіресе, егер отбасында балалар болса.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру