Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйел хайыз кезінде басқа қыз-келіншектерді Құран оқуға үйрете ала ма?

muftyat.kz 24.08.2017 5840 0 пікір

«Во время месячных, женщина-преподаватель или женщина-ученик, могут читать Коран по слогам»

«Хайыз кезінде әйел-ұстаз немесе әйел-шәкірт Құранды тек буынға бөліп қана оқи алады»

Сұрақ: Әйел хайыз кезінде басқа қыз-келіншектерді Құран оқуға үйрете ала ма?

 Жауап: Құранның кейбір аяттарын басқаларды үйрету мақсатында оқуға рұқсат етілген болып саналады.

Ханбали және ханафи мәзһабтары ғалымдарының пікірінше, әйел хайыз кезінде Құран сөздерін буынға бөліп оқуына болады. Оқудың мұндай түрі қыраат болып табылмайды. Мусхаф бойынша, Құранды ішінен оқуға рұқсат етілген, өйткені Құранды бұлай оқу түрі де қыраат болып саналмайды.  (Вехби Зухайли, әл-Фикхул-Ислами уа Адиллятуху, I/288-289).

Егер әйел Құранды толықтай жаттаумен айналысып жүрсе  немесе Құран оқыту курстарында ұстаз болып қызмет істесе, онда хайыз кезінде ұстаздық өкілеттігін көмекшісіне тапсыруы керек.  Егер әйелдің көмекшісі болмаса, онда бұл жағдайда, ханафи мәзһабының имамдары Керхи мен Тахавидің пікірінше, ұстаз әйел Құранды оқытуын жалғастыра береді.

Имам Керхи былай айтқан: «Хайыз кезінде әйел-ұстаз немесе әйел-шәкірт Құранды тек буынға бөліп қана оқи алады». Ал имам Тахави: «Әйел хайыз кезінде Құран аяттарын жартылай ғана оқи алады», - деген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру