Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман күнтізбегінің парақтарын қоқысқа тастауға бола ма?

muftyat.kz 24.08.2017 5005 0 пікір

Выбрасывать в мусор листки мусульманского календаря, считается макрухом


Мұсылман күнтізбегінің парақтарын қоқысқа лақтыру мәкрүһ болып саналады.

Сұрақ: Мұсылман күнтізбегінің парақтарын қоқысқа тастауға бола ма?

Жауап: Мұсылман күнтізбегінің парақтарын қоқысқа лақтыру мәкрүһ болып саналады.  Алайда егер бұл парақтардың сөздері оқылмайтындай ұсақ бөліктерге бөлініп жыртылса, онда оны қоқысқа тастай беруге болады.

Егер Құранның мусхафы жарамсыз болып қалса, яғни оны оқу мүмкін болмай қалған жағдайда, оны таза нәрсеге орап, ешкім аяқ баспайтын жерге көміп тастаған абзал. Көптеген факихтер Құран парақтарын жағуды өрескел әрекет деп санаған.  

Тәпсір немесе хадистер жинағы сияқты басқа діни кітаптарға келер болсақ, оларды отқа жағып жіберуге рұқсат.  Егер бұл кітаптарды таза жерге көмудің мүмкіндігі болмаса, онда оларды жағып жіберуде тұрған еш әбестік жоқ.  

Құран аяттары, хадистер немесе басқа да діни ақпараттар жазылған қағаздарды қағаз қапшық немес орама ретінде пайдалану мәкрүһ болып табылады, өйткені бұл қадірлемеушілік себебін тудырады.   Егер бұл қағаздың бос жері болса, оны керек нәрсені жазып алу үшін қолдануға болады. Егер бұл қағазды қолдану мүмкіндігі болмаса, онда қадірлемеушілік жағдайына ұшырамас үшін, оны көміп немесе отқа жағып жіберген жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру