Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйелдер мен еркектерге бірге тәуәф жасауға рұқсат етілген бе?

muftyat.kz 21.08.2017 3821 0 пікір

 

«Егер Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдері де басқа ер адамдармен бірге тәуәф жасағанда, оған ол қалай тыйым салмақ?!»

Сұрақ: Қажылық кезінде еркектер мен әйелдер бірге тәуәф жасайтыны белгілі. Бұған рұқсат етілген бе?

Жауап: Ибн Журайж былай айтқан: «Ибн Хишам әйелдер мен еркектердің бірге тәуәф жасауына тыйым салғанда, Ата маған: «Егер Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдері де басқа ер адамдармен бірге тәуәф жасағанда, оған ол қалай тыйым салмақ?!», - деп айтқан.

Мен Атадан былай сұрадым: «Олар қажылықты жабылуу туралы бұйрық түсірілгенге дейін және одан соң  да басқа еркектермен бірге  өтеген бе?».

Сонда Атаның берген жауабы: «Хижаб кию туралы бұйрық түсірілген соң мен мұның куәгері болғаныма ант етемін».

Мен одан қайталап сұрадым: «Жарайды, солай-ақ болсын, бірақ олар қалай ер адамдармен бірге қосылып жүрген?».

Ата былай деп жауап берді: «Олар еркектермен қосылмады.

Айша анамыз (оған Алла разы болсын) тәуәфты еркектерден бөлек жасаған. Тіпті бірде бір әйел оған: «Уа, тақуалардың анасы! Қара тасқа қолыңды тигізсеңші», - деген екен.

Сонда Айша анамыз (оған Алла разы болсын) былай жауап беріпті: «Сен барғың келген жерге бара бер, бірақ мен бармаймын».

Олар тәуәфты адамның кім екенін танып білу мүмкін болмайтын қараңғы түнде жасаған екен.  Қағбаның ішіне кіргілері келсе де, оның ішіндегі барлық ер адамдар шықпағанша күтіп тұратын».

Ата сөзін жалғастырып былай деген: «Меккенің кадиі болған Убайд ибн Умайрмен бірге Себр тауындағы Муздалифте тұрған Айша анамызға (оған Алла разы болсын) бардық».

«Айша қандай киімде болды?», - деп сұрадым мен.

Ата айтты: «Айша ешкінің терісімен жабылған кішкене шатырдың ішінді отырды. Шатырдың ішінде бізді Айшадан бөліп тұрған перде болды. Мен оның қызғылт көйлек киіп отырғанын көрдім»» (Бұхари, Хаж, 64).

Еркектермен әйелдердің бірге тәуәф жасауы рұқсат етілген болып табылады. Алайда еркектермен әйелдер бір-бірлеріне жанаспау үшін, әйелдерге тәуәфты жылдам өтеу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру