Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тозақ мекендеушілерінің басым көпшілігі әйелдер...

muftyat.kz 21.08.2017 3800 0 пікір

«Мне был показан Ад. Большинство его обитателей составляли женщины, которые были неблагодарны»

«Маған Тозақ көрсетілді. Ол жердің басым көпшілігі шүкіршілігі жоқ әйелдер болды»

Абдулла ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген: 

«Маған Тозақ көрсетілді. Ол жердің басым көпшілігі шүкіршілігі жоқ әйелдер болды». Сонда сахабалар сұраған екен: «Олардың Аллаға деген шүкірлігі болмаған ба?». Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап берген: «Олар күйеулерінің оларға деген жақсы қарым-қатынастарына шүкір айтпағандар.

Бұл әйелдерге жылдар бойы жақсылық жасалынады, бірақ егер бір рет оларға ұнамсыз бір нәрсе жасалып қойылса, олар: «Сенен ешқашан бір жақсылық көрген емеспін», - деп айтады» (Бұхари, Иман, 21; Мүслім, Иман, 132).

Бұл сенімді хадисті Бұхари мен и Мүслім келтірген.

Аталмыш хадистің негізгі тақырыбы — шүкіршілік етпеу болып табылады.  Еркектердің әйелдерде құқығы бар болса, сөзсіз, әйелдердің де еркектерде құқығы болады. Рақмет айтпау, шүкіршілік етпеу — жанұя бақытын бұзатын фактор болып табылады. Ал Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәл осыған ерекше мән берген еді.  

Келесі хадисте өте маңызды нәрсе айтылған: «Кімде-кімнің адамдарға рақметі болмаса, оның Аллаға да рақметі болмайды». Бұл хадисте әйелдердің шамадан тыс рақметінің жоқтығы, олардың Алла Тағалаға да рақметінің жоқтығының белгісі болып табылады (Ибн Хаджар, Фатхул-Бари, 83).

Егер еркектердің де рақметі болмаса, онда бұл жағдайда, хадистерде көрсетілгендей олар да әйелдер сияқты дәл сондай қауіпте болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру