Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз қажылыққа бара ала ма?

muftyat.kz 18.08.2017 4058 0 пікір

Хадж является фардом

 

Сұрақ: Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз қажылыққа бара ала ма?

Жауап: Ханафи мәзһабының пікірі бойынша, әйел күйеуінсіз  немесе өзінің жақын туысы болып келетін ер адамсыз қажылыққа бара алмайды. 

Егер әйелмен бірге махрам ер адам баратын болған жағдайда, ол күйеуінің рұқсатынсыз қажылық парызын өтеуге бара береді. Қажылық жөнінде күйеуі әйеліне кедергі келтіруіне рұқсат етілмейді. Себебі күйеуінің құқығы — әйелінің құлшылық міндеттілігін өтеуін болдырмауға мүмкіндігі жоқ, өйткені қажылық парыз болып табылады ғой. 

Факихтердің басым көпшілігі мынадай пікірді ұстанады — қажылық Ислам негіздерінің бірі әрі  әрбір мұсылманның жеке басының парызы болғандықтан, күйеуі әйелінің қажылық борышын өтеуіне кедергі жасауына құқығы жоқ. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру