Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ибрагим отқа тасталғанда, жалынның ортасында раушан гүлдері өсе бастаған...

muftyat.kz 16.08.2017 5619 0 пікір

"Когда Ибрагим был брошен в огонь, то в центре пламени появилась вода, и стали расти розы.."

"Ибрагим отқа тасталғанда, жалынның ортасында су пайда болып, раушан гүлдері өсе бастаған..."

Нәмруд патша Ибрагимді отқа жағуға бұйрық береді. Бір ай бойы олар от жағу үшін таудай етіп, шөпшек пен отын жинайды. Барлық жануарлар ағаш жинауға қатысудан бас тартып, қашып кетеді. Тек қашыр ғана отын тасуға келіскен екен. Иман келтірмегендер отты жеті күн бойы жаққан екен. Олар отқа Ибрагимді қалай тастауларын білмей тұрғанда Ібліс пайда бола кетеді. Ол Ибрагимді отқа катапультаның көмегімен тастауға кеңес беріп, оны қалай жасау керектігін үйретеді. Ибрагимнің аяқ-қолын байлап, оны катапультаға жатқызып, отқа лақтырады. Мұны көрген күллі жер мен көк мекендеушілері жан дауыстары шыға айғай салады:

- Уа, Алла! Ибрагим – Сенің құлың әрі елшің. Имансыздар оны отқа тастады. Енді жер бетінде Саған құлшылық ететін ешкім қалмады.

Сонда Алла Тағала былай айтты:

- Ибрагим – Менің сүйіктім әрі Менің елшім. Ол – Менің досым, ал Мен – оның Құдайымын. Егер ол сендерден көмек сұраса — көмектесіңдер. Егер ол Менен көмек сұраса, Менен  көмек сұрағандарға Мен жәрдемдесемін.

Сосын Ибрагим Алла Тағалаға былай деп жалбарынды:

- Уа, менің Жаратушы Ием! Көмек тек Сенен ғана. Жауларымды жеңуім үшін, маған көмектесші.

Ибрагимді отқа тастар алдында суды басқаратын періште оған былай дейді:

- Уа, Ибрагим! Егер қаласаң, мына отты мен лезде өшіріп тастаймын.

Содан кейін Ибрагимге желді басқаратын періште:

- Уа, Ибрагим! Егер қаласаң, мына отты мен лезде жойып жіберейін.

Оларға жауап ретінде Ибрагим былай деп айтады: - Сендер маған қажет емессіңдер. Маған Алла жеткілікті, Ол ең жақсы көмекші.

Ибрагим отқа тасталғанда Алла Тағала отқа былай деп бұйырады:

«Уа, от! Ибрагимге салқын бол да құтқарушысы бол!» (әл-Анбийа 21/69).

Судди былай айтқан: - Ибрагим отқа тасталғанда, оттың ортасында су пайда болып, раушан және басқа да гүлдер өсе бастаған. Ибрагим отта үш ай, жеті күн болған. Ал сол кезде Алла Тағала Ибрагимге Жәннат көйлегін түсірген екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру