Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хайыз кезінде қыз-келіншектерге Құран аяттарын  жазуға бола ма?

muftyat.kz 16.08.2017 5416 0 пікір

"Хайыз кезінде қыз-келіншектерге Құран аяттарын  жазуға бола ма, жоқ па деген сұраққа келер болсақ, бұл мәселе жөнінде қайшылықтар бар".
Сұрақ: Хайыз кезінде қыз-келіншектер аяттарға тимей, каллиграфиядан дәріс берулеріне бола ма?

Жауап: Хайыз кезінде қыз-келіншектерге Құран аяттарын  жазуға бола ма, жоқ па деген сұраққа келер болсақ, бұл мәселе жөнінде қайшылықтар бар.

Имам Ибнул-Хуммамның пікірінше, мұнда тұрған еш әбестік жоқ. Алайда имам Биргиви мен Аляуддин ас-Самаркандтың пікірінше, хайыз кезінде қыз-келіншектерге Құран аяттарын  жазуға болмайды (Фатхул-Кадир; Тухфатул-Фукаха; Зухрул-Мутааххилин).

Бұл мәселе жөніндегі қайшылықтардан құтылу үшін, аталмыш қызмет түрімен таза кездеріңізде айналысыңыздар деп ұсынар едік. Ал  дұрысын Алла біледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру