Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ішпен жатып ұйықтауға болмайды деген рас па?

muftyat.kz 11.08.2017 15786 0 пікір

«Аллаху не нравится, когда Его рабы спят на животе»

«Алла Тағалаға Оның құлдарының ішпен жатып ұйықтағаны ұнамайды»

Сұрақ: Ішпен жатып ұйықтауға болмайды деген рас па? Қыбла жаққа аяқты созып жатуға бола ма? 

Жауап: Ішпен жатып ұйықтау харам болып табылмайды. Алайда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ішпен жатып ұйықтауды ұнамсыз деп санаған.  Бірде мешітте ішімен ұйықтап жатқан адамды оятып, былай айтқаны келтірілген:

« Алла Тағалаға Оның құлдарының ішпен жатып ұйықтағаны ұнамайды» (Әбу Дәуд, Әдеп, 95; Тирмизи, Әдеп, 21).

Көріп отырғанымыздай, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұйқыдағы дененің мұндай қалпын жағымсыз деп санап әрі оны «Аллаға ұнамсыз» деп сипаттаған.

 Сондықтан ішпен жатып ұйықтау харам немесе күнә болып табылмаса да, алайда бұл әдепке қайшы келеді әрі сүннетті ұстанудан алатын сауаптан құр алақан қалдырады.

Ал Қыбла жаққа аяқты созып жату мәселесіне келер болсақ, басқа бағыттарға қарағанда Қыбла айырықша қасиетке ие. Күллі мұсылман күніне бес уақыт оқитын намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады.  Сол себепті де әрбір мүмін Қыблаға аса құрметпен қарауы тиіс. 

Сонымен, ұйқы кезінде немесе жай демалып жатқанда болсын, Қыблаға қаратып аяқ созып жату мәкрүһ болып саналады, өйткені ислам әдебіне қайшы келеді. Әсіресе, ұйқы кезінде аяқты Қыбла жаққа қарай созбауға тырысу керек.  Алайда егер төсекті басқаша қоюға келмей, аяқ еріксіз Қыбла жаққа қарайтын болса, онда ол мәкрүһ болып саналмайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру