Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

 Құранның шипалық қасиеті  

ҚМДБ Ш 17.07.2017 16760 0 пікір

  

Алланың хақ сөзі жазылған киелі Құранда ауру-сырқауға шипа болатындығы туралы аяттар жазылған. Атап айтқанда: Тәуба сүресі 14; Юнус сүресі 57; Исра сүресі, 82; Фуссилат сүресі, 44; Шуара сүресі, 80; Нахл сүресі 69 аяттары шипа болатындығы туралы айтылған. Бұл асыл аяттар материалдық және адамның рухани жағдайының сауығуына себепші болады деп көрсетілген.

 Қасиетті Құранда: «Ауырсам, Ол (Алла) маған шипа береді» («Шұғара» сүресі, 80-аят) деп жазылуы шипаны тек Ұлы Жаратушыдан сұрау керектігін айтқан. «Исра» сүресінің 82-аятында:«Мүміндерге рақымы, шипасы бар Құранды түсіреміз. Залымдардың шеккен зияны арта түседі» делінген. Бұл жерде Құранның шипалық қасиеті айтылып тұрғандығын байқаймыз.

 Құранның шипа боларлық асыл қасиеті туралы ислам ғалымдары да көптеген толғамдарын қалдырған.

 «Дауаның ең қайырлысы – Құран» (Ибн Мажә, Тыбб, 28),  «Мына екі нәрсеге көңіл бөліңдер: Құран және бал» (Ибн Мажә, Тыбб ), «Құранмен шипа іздемеген адамға Алла шипа бермейді» (Рази, Тәфсир, ХХІ, 34 б.) делінгені осының айқын дәлелі.

 Хадистерде: «Фатиха сүресі не үшін оқылса да оған пайдасы тиеді. Онда әртүрлі дауа бар» (Ажлуни, Кәшфул-Хафа, ІІ, 106-108 бб.) деп, Құранның дертке дауа боларлық асыл қасиетін ерекше бағалап, нақтылап айтқан.

 Нақты мысалдарды айтатын болсақ: Сахаба Әбу Сайд әл-Худри бірде  жылан шаққан бір адамға  Фатиха сүресін оқып, оны емдегені туралы айтылады. (Куртуби, Тәфсир Х, 312 б.) осыған қарап отырып, Құрна аяттарын оқи отырып, дем салу, шипа ретінде оқу маңызды саналғандығын байқауға болады.

 Шипалық аяттар туралы Алла Елшісі пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Дауаның ең қайырлысы – Құран» (Ибн Мажә, Тыбб, 28),  «Мына екі нәрсеге көңіл бөліңдер: Құран және бал» (Ибн Мажә, Тыбб ), «Құранмен шипа іздемеген адамға Алла шипа бермейді» (Рази, Тәфсир, ХХІ, 34 б.) деп анық айтып өткен.

Халқымыз бағзы заманнан бері қасиетті Құранды шипалық ретінде пайдаланып келген. Ата-бабаларымыз ауырып-сырқаған адамдарға Аллаға шынайы ниетімен сыйынып, дем салатын болған.

Демек, бабаларымыз Алланың ақ сөзінен дертке шипа іздеп, сырқатынан Құран арқылы айығып келгендігін білеміз.

Құран қашанда шипа! Алланың асыл сөзі адамды сақтаушы деп білу абзал

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру