Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазандағы 10 маңызды амал

www.muftyat.kz 13.06.2017 4923 0 пікір

Рамазан – рухани байлық пен сауапқа толы адам нанғысыз мүмкіндіктер айы. Біз осы қасиетті айдағы мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысуымыз қажет.

  1. Күлімсіреу

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деген: «Күлімсіреу де садақа».

  1. Науқастың қалін білу

Мынандай хадис бар: «Кімде-кім науқастың не бауырының қалін білсе, оған періштелер была дейді: «Сен бақыт нұрына бөленесің, сенің жолың да нұрға бөленеді, Жұмақта лайықты орынға ие боласың» (Тирмизи).

  1. Құран оқу

Бұл біреулер үшін жеңіл, ал енді біреулер үшін қиын болуы мүмкін. Әйткенмен, Құран оқуды жақында ғана үйренсеңіз де, оны оқудан қорықпаңыз. Өйткені Алла Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деген: «Құранның қарилері Алланың Кітаптарын көшіріп жазатын періштелермен болады. Ал кімде-кім Құранды қиналып, бірақ ынтамен оқитын болса, екі есе сауап алады».

  1. Бірінші болып сәлем беру

Күнделікті басқа адамдармен амандасуымыз үшін де сауап алатынымыз туралы ойланып көрдік пе? Бір адам Пайғамбарымыздан, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай сұраған екен: «Мұсылман үшін қай амал ең абзалы?». Сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берген екен: «Адамдарды тамақтандыру және танитындарға да, танымайтындарға да сәлем беру» (Бұхари; Мүслім).

  1. Қайырымдылық жасау

Құранда былай айтылған: «Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаландырғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақырет жұртының табысы солардікі. Олар Ғадын атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді» (13:22-23).

  1. Ораза ұстағандарға ауыз аштыру

Мынадай бір жақсы хадис бар: «Кімде-кім ораза ұстағандарға ауыз аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады, бірақ одан ораза ұстаушының сауабы бір түйірге болса да кемімейді» (Ахмад).

  1. Біліміңмен бөліс

Біз күнделікті жаңа дүниелерді біліп, жақсы нәрселерге қанығып отырамыз. Сондай-ақ сіз сол күнделікті танып-білген нәрселеріңізді басқалармен бөлісу арқылы да сауапқа кенеле аласыз. Хадисте былай айтылған: «Жақсылыққа жол көрсеткен адам, сол жақсылықты өзі жасағандай болады» (Бұхари).

  1. Өзгелерге кешірімді бол

Бұл өте қиын болуы мүмкін, бірақ осы амалға берілетін сауап орасан зор. Біз Алла Тағаланың кешірімін алуға ұмтылып жүрген жоқпыз ба? Хадисте былай деп келтірілген: «Кімде-кім адамдарға мейірімін көрсетпесе, оған Алла да Өз мейірімін төкпейді» (Мүслім).

  1. Намазды мешітте оқу

Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, жамағатпен оқылатын намаздың артықшылығы туралы: «Жамағатпен оқылған намаз жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық» – деп айтқан (Бухари).

  1. Бір күн болса да шағымданбаңыз

Құранда бұл жайында былай деп айтылады: «Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін» (12:86).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру