Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран оқуда әрбір мұсылманның білуі тиіс 6 сүннет

www.muftyat.kz 13.06.2017 7559 0 пікір

Рамазан Құран айы деп те аталады. Егер адам күннін ораза ұстап, ал түнін Құран оқумен өткізсе, хадиске сай Алла Тағаланың қалауымен Қиямет күні шапағатшы болады. Алайда Құран оқушы көп сауапқа кенеліп, барынша пайда алуды қаласа, онда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келтірген бірнеше ережелеріне көңіл қою керек.

Құран оқудың алдында дәрет алу

Құранда: «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды» («Уақиа» сүресі, 79-аят).

Құранды дәретсіз ұстауға болмайды.

Оқу көлемі

Айша анамыздың, оған Алла разы болсын, айтуынша: «Пайғамбарымыз, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, Құранды үш күнде оқып болатын!» – деген.  Имам Бадруддин әл-Айни былай деген: «Бұл хадистің мәні мынада – үш күннен аз уақытта Құранды оқып болатын адам, Құран оқудан алар дүниелерді жіберіп алады!». Сондай-ақ, Әбу Джамра былай деп айтқан екен: «Бір күні мен Ибн Аббасқа былай дедім: «Мен Құранды тез оқитын адаммын, бір түнде Құранды бір немесе екі рет оқып оқимын!». Сонда Ибн Аббас: «Маған сенің жасағаныңа қарағанда, бір түнде бір сүрені оқу көп ұнамды!» – деп айтты. Демек, Құран оқығанда асықпау керек, өйткені асығып оқу оны дұрыс оқуға әрі аяттардың мәнін байыбына жете түсінуге кедергі келтіреді.  

Дауыстап әдемі дауыспен оқу

Құранды әдемі дауыспен оқыған жөн. Айша анамыздың, оған Алла разы болсын, келтіргені бойынша, Алла Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деген: «Кімде-кім Құранды қиналып, бірақ ынтамен оқитын болса, екі есе сауап алады» (Мүслім).  

Сондай-ақ, басқа хадисте: «Кімде-кім Құранды оқығанда әрбір дыбысын анық та айқын әрі әдемі дауыспен оқымаса, ол бізден емес» – деп те айтылған.

Сәждеге жығылу

Қасиетті Құрандағы 14 аятты оқу барысында сәжде жасау керек. Мысалы,  «Сәжде» сүресінің 15 аятында былай айтылған: «…Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді». 

Аяттарды оқуда дұға жасау және Алланы еске алу

Хузайфа әл-Йамани: «Бір күні мен Алла Елшісімен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бірге құлшылық еттім. Ол «Бақара» сүресін оқи бастады да, рақымшылық сөзі бар аятты оқып болмай жатып, Алладан рақым тіледі, Алланың жазалауы бар аятты оқып болмай жатып, одан сақтауын сұрады және Алла бәрінен де артық деген сөздері бар аятты оқып болмай жатып «Субханалла!» – деді деген.

Әртүрлі тәсілмен оқу

Бір күні Алла Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, өзінің үш сахабасының қасынан өтіп бара жатып, үшеуінің Құранды әртүрлі оқып отырғандарын байқап қалады. Содан үнсіз Құран оқып отырған Әбу Бәкірге, оған Алла разы болсын, жақындап, неге бұлай оқып отырғанын сұрайды, сонда Әбу Бәкір: «Шындығында, мен сыйынатын мені естиді» – дейді.

Пайғамбарымыз, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, Омарға, оған Алла разы болсын, жақындап келіп оның бұлай оқу мәнісін сұрайды, сонда ол: «Ұйықтап жатқандарды оятып, шайтандарды қуамын» – дейді. Пайғамбарымыз, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, Біләл әл-Хабашиге жақындап келсе, оның бір сүренің бірнеше аятын оқып отырып, тағы басқа сүренің аяттарын қатар оқып отырғанын көреді. Одан бұлай оқуының мәнісін сұрағанда, Біләл: «Мен үздіктерді үздіктермен араластырамын», – деп жауап берген екен. Сонда Пайғамбарымыз, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, оларға: «Әрқайсың да ең жақсы тәсілмен дұрыс оқыдыңдар» – деп айтқан екен.

Егер адам Құран оқи алмайтын болса, онда ол оны тыңдау арқылы да сауапқа кенеле алады. Өйткені Алла Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, бұған қатысты бір хадисінде былай деген: «Кімде-кім Алланың Кітабынан аят тыңдайтын болса, ол оған Қиямет күні нұр болады».

Алла Тағала Рамазанда Құранға деген сүйіспеншілігімізді арттыруға көмектесіп әрі Өзінің Кітабынан оқылған не тыңдалған әрбір әріпті бізге сауаптан жазсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру