Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

EXPO – қазақ қонақжайлығы

Бағдат ӘБДІКӘРІМОВ kazislam.kz 06.06.2017 4803 0 пікір

Көрнекі сурет

Тойдың боларынан боладысы қызық» дегендей, көптен күткен EXPO Дүниежүзілік көрмесінің ашылу күнді де алыс емес. Аталмыш көрменің елімізде өтуі үлкен жетістік. Уақыт оның маңыздылығын тағы да ашып көрсете жатады деп ойлаймын. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» демекші, ауқымды әлемдік шараның елімізге жан-жақты пайдасы боларына сенемін.

Көрмені тамашалауға әлемнің төрт тарапынан келетін қонақтар өздері үшін Қазақ елі деген әлемді ашады. Бұл тарихы бай, берері мол әлем. Десе де, дастарқанында ғажайып қымыз бен қазы-қартасы бар, қолында күмбірлеген домбырасын ұстаған, кереметтей салт-дәстүрі бар, аттың құлағында ойнайтын халық екенімізді естіп-біліп жүрсе керек.

Атам қазақ «жаман үйді қонағы билейді» деп ескертіп кеткендей, біз қазақстандықтар ретінде ар-намысымыз бен елдігімізді биік ұстауымыз азаматтық парызымыз. Бұлай дейтінім, бір жылдары еліміз жайлы жағымсыз тіпті сорақы фильм түсірілгендігіне баршамыз куә боп едік. Тектілікті ту еткен Қазақ елін азғындар мекені етіп бейнелеген ол «кино» біраз уақытқа дейін еліміз кесірі тиіп жүрді. Сондықтан, келген қонақ асымызға тойғаны сияқты салт-дәстүрімізге, елдігіміз бен ынтымағымызға да көңілі тоюуы тиіс деп ойлаймын.

Ал, EXPO – қазақ қонақжайлығын әлемдік деңгейде паш етеді деп сенемін. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім Алла Тағалаға және ақырет күніне иман етсе, қонағын сыйласын» деген өсиетін қазақ атам дәстүр еткен.

 

Бағдат ӘБДІКӘРІМОВ

«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру