Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауыржан Кожагелдиев: ЕЛШІЛЕР НЕ ҮШІН ЖІБЕРІЛДІ?

14.04.2017 4723 0 пікір

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болын! Пайғамбары және соңғы елшісі Мұхаммедке Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын!

Алла Тағаланың рахметі мен ілімі барлық нәрсені қамтып, қалауымен хикметінің шегі болмаған. Алла Тағала құлдарын бостан босқа жаратпады. Бос жаратып бос жібере де салмады. Бәлкім құдіретімен аспан мен жер тұрып, хикметімен және елшілерді жіберуімен анық өзінің бар екеніне дәлел тұрғызды. Кімде-кім қаласа сол елшілердің соңынан еріп, ақыретімен осы дүниесі үшін тура жол табады. Ал кім өз ойына еріп басқа жол іздейтін болса, қасіретке ұшырайды. Ол турасында Алла Тағала былай дейді: «Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?»[1] және басқа аятында былай дейді: «“Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”,- дейді.»[2] және басқа аятында былай дейді: «Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жаратпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш! Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба? (Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын»[3].

Адамның ақылы адамдардың қажетін өтейтін дұрыс басшының болуын, оның ұстанатын негізі Алла Тағаланың уахиімен шариғаты болуын қайтармайды. Өйткені одан тура жол тауып және адамдарды сол туралыққа шақырасың.

Адам ақылы көз алдында өтіп жатқан уақыттарда болып жатқан нәрселердің пайдалы-пайдасызын және ақ-қарасын ажырата алмайды. Өйткені оның ақылы мен пікірі шектеулі болып, білуі керек болған нәрселерді ажырата алмауы мүмкін. Егер сол нәрселердің барлығын түсінгенде еді, өзін туралап Алла Тағала мен періштелерді  тануға және қиямет күніне дайындалуға асығар еді. Өзінің қараңғылық пердесі астында жүргенін сезіп, ілім нұрымен сыртқа шығар еді. Бірақ адам баласы өмірінде өз істерінде  екіленіп, ие болған нәрселеріне қайран болып жатады. Сол қайран болған нәрсесі оны ойына келген нәрсені істеуге немесе шәхуатының қалауын орындауға немесе қараңғылықтың пердесін ашып қайта кіруге алып барады. Ал қараңғылық болса кейде адамды біреудің қанын төгуге, малын тартып алуға, абыройын аяқ асты етуге, арам нәрселерді адал етуге алып барып қояды. Ал осындай жаман әдеттерді тәртіпке салып нақ дәлелдермен жоя алатын Алла Тағала рахметімен жіберілген елшілері. Араларына әділдікті орнатып, әркімнің өз хақысын өз орнына қойды Алла Тағаланың адамдарға деген хикметінен  қиямет күні ешкімнің үзірі болмасын деп өз араларынан елшілер шығарып, хақ дініне шақырды. Оларға кітап түсірді. Сахих хадисте: Саъд ибн Ъубада былай деді: «Егерде кісіні әйеліммен бірге  көрсем қылышпен шабар едім (өткір жағымен көлденең жағымен емес) » дейді. Сол айтылған сөз Алла елшісіне жеткенде былай деді: «Сендер Саъдтың қызғанышына ғажаптанып жатырсыңдар ма? Менде одан да өткен қызғаншақпын. Аллада менен де өткен қызғаншақ. Алла қызғанышы себепті көрінетін және көрінбейтін шеттен шығулар харам етілді. Алладан өткен үзірді жақсы көретін ешкім жоқ. Сол себепті  сүйіншілеу үшін және ескерту үшін елшілер жіберді. Алладан өткен мадақты жақсы көретін ешкім жоқ. Сол себебті  Алла жәннәтті уәде етті».

Бұл хадистен баян болғаны, Алла Тағала хикметімен рахметінен  адамдарды өзіне ғана құлшылық етуді  елшілерді ескерту және қуандыру үшін жіберді.

Егер біреу адамдардың халін көргенде және олардың қандай жағдайда екенін білсе, Алла Тағала елшілерді тек өзін ғана ұлықтауға емес, олардың екі дүниеде бақытқа теңелуі үшін жіберіп жатқанын түсінер еді.

Алла Тағаланың елшілерді жіберуі хикметсіз нәрсе емес. Хикметсіз бостан босқада жібермейді. Бәлкім бұл ақылға салғанда Алла Тағаланың құдіретімен болуы мүмкін нәрсе. Алла Тағала бергенінен ешкім қайтара алмайды. Ал қайтарғанынан ешкім асып түспейді. Алла Тағала қалауын ешкім қайтара да  алмайды. Өйткені ол барлық нәрсеге қадірлі. Осы Алла Тағаланың жаратылысына қойған хақ жолы.

Алла Тағала былай дейді: «Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары[4]. Және тағы былай дейді: «Пайғамбарларды қуандырушы, ескертуші етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі.»[5]

Алла Тағала өзінің жаратылысын түсіну қабілеттерін әртүрлі етіп жаратты. Бірінің түсіну қабілеті өте жоғары болуы мүмкін. Ол айтылып жатырған істерді тезде түсініп, жетістіктерге жетуі ғажап емес. Ал кейде осы жетістігі оны ғажаптандырып, өзінен түсіну қабілеті төмендерге айласын асыруға алып барады. Тіпті кей уақыттарда өзін құдай санап, басқа адамдарды өзінің құлдығына алғаны құран мен тарих беттерінен белгілі. Сол үшін Алла Тағала әр жаратылыстың хаққыларын өз орнына қою үшін және әділдігін іске асыру үшін өз араларынан қуандырушы және ескертуші етіп Пайғамбарлар мен елшілер жіберді. Енді сол Пайғамбарлар мен елшілерді кей қауым қабыл алып, екі дүние бақытына жетсе, кей қауым өз тәкәппарлығына мініп, жермен-жексен болғаны құран кәрім беттерімен тарихи жазбаларда кездеседі. Соның кейбірін айтып кетейік. Алла Тағала былай дейді: «Әрине біз Нұхты (Ғ.С.) қауымына жібердік: “Мен сендер үшін ап-ашық бір ескертушімін.” “Аллаға ғана ғибадат қылыңдар, шынында мен сендерге, күйзелтуші күннің азабынан қорқамын” деді. Елінің қарсы келген уәзірлері мен бектері: “Біз сені өзіміз тәрізді ғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқанын ергенін көрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшыларыңды көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз” деді»[6]. Және басқа аятта Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) турасында былай дейді: « Міне бұлар, өздеріне Кітап, даналық және пайғамбарлық бергендеріміз. Егер енді бұлар (Құрайштар), қарсы келсе, қарсы келмейтін бір елді оларға уәкіл етеміз. Міне солар, Алланың тура жолға салған (пайғамбар) дары. (Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың жолын қу және: «Сендерден ақы сұрамаймын. Өйткені Құран әлемге үгіт ғана.» де. Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: «Алла, адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді»,- деді. «Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек-бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді» де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын. Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақыретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді. Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді» деген, және: «Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем» дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед Ғ.С.) егер залымдарды өлім қиналысында, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенде бір көрсең!»[7].

Ғалымдар кейбір Пайғамбарлар өмір сүрген елдердің халқына ескертіп былай дегендері бар: «Сендер біздің елде Пайғамбар болған немесе Пайғамбар жіберілген деп мақтанбаңдар! Алла Тағала  Пайғамбарларды шеттен шыққан бұзғыншы елге жібереді. Сол бұзғыншы халықтың артынан ерушілерден болмаңдар!».  Қазақ ата бабаларымыздың бірі Жүсіп Баласағұн Алла елшісі турасында былай дегені бар:

«Рахымды ием пайғамбарын жіберді,

 Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың»

Алла бәрімізге өзінің тура жолында болуымызды нәсіп етсін!.

 

 

Бауыржан Кожагелдиев,

 Орал орталық мешітінің наиб имамы  

 



[1]  Қиямет сүресі 36 аят

[2]  Мүмин сүресі 115 аят

[3]  Сад сүресі 27-29 аяттар

[4]  Қасас сүресі 68-аят

[5]  Ниса сүресі 165- аят

[6]  Һуд сүресі 25-27 аяттар

[7]  Әнғам сүресі 89-93 аяттар

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру