Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауда үстіне сауда жасауға шариғат не дейді?

02.02.2017 6512 0 пікір

وَأَحَلَّ اللَّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا

«Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен»

Ислам бибітшілік, береке және тыныштықтың негізі, адамдар арасында келіспеушілік пен әлсіздерге үстемдік жасауды мақұлдамайды. Ниса сүресінде келетін мына бір аятта Алла Тағала былай дейді:

 يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ إِلا أَنْ تَكُونَ تِجَارَةً عَنْ تَرَاضٍ مِنْكُمْ

«Әй, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа» - деп ескерткен.

Саудасы келісіліп қойған қандай да бір бағалы заттың үстіне әділетсіздікпен келісілген бағадан жоғары баға беріп сауданы бұзуды шариғатымыз дұрыс көрмейді. Сондай ақ сатып алушы сатушымен өзіне қажет болған қандай да бір затты келісіп тұрған тұста, екінші сатушы келіп «менде бұл зат мұндағы бағадан арзанырақ» деп сауданы бұзып жатады. Нәтижесінде алушы бағасы төмен болған келесі сатушыға аусып кетеді, бірінші сатуышының өз әріптесіне деген жеккөрушілігі мен алауыздығы пайда болады. Бұл жағдайлардың соңы ұрыс, жанжалға алып келеді. Аталмыш әрекеттер базарларда, сауда орындарында көптеп кездесіп жатады. Қарапайым бұл әрекеттердің өзі сырт көзге оғаш көрінеді. Дана халқымыз «бөлінген бүлінеді» - деген. Шынында бүкіл жаратылыстың рызық несібесін Алла Тағала береді. Құранда Алла Тағала «Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін» - деген. Сол үшін де сатушы екінші бір адамның саудасына кедергі жасамай адалдықпен сатып, ал алушы әділдікті ұстанған жөн. Әр адам адамгершілік қасиет пен мұсылмандық міндеттерді ұмытпай, білімсіздікке бой алдырмай, арадағы сый құрметті сақтай білген жөн.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл туралы: «Бір-біріңе көреалмаушылық пиғылда болмаңдар, бағаларды көтермеңдер, бір-біріңе арқаларыңды қаратпаңдар, жақтырмаушылықтан бас тартыңдар, бір-біріңнің саудаларыңның үстінен сауда жасамаңдар және бір-біріңе бауыр болыңдар» - деп ескерткен.

Қажымұхан Қамбарұлы,

Маңғыстау облсытық «Бекет ата»

мешітнің наиб имамы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру