
1. «Биссмилләһ!» - «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.
4. «Субханналаһ» - «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.
5. «Әлхамдулилләһ» - «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.
6. «Ма ша Аллаһ» – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады.
7. «Ин ша Аллаһ» – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.
8. «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил». – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.
9. «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим». «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.
10. «Астағфируллаһ» – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.
11. «Аллаху Мустаан» - «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.
12. «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» - «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.
13. «Әмин» – «Дұғамызды қабыл ете гөр»
14. «Баракаллаху фика» – «Алла Тағаланың разылығы болсын!» – рахмет айту ниетімен қолданылады.
15. «Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» – «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.
Дереккөз: ihsan.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2017
12156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру