
Он сегіз мың ғаламның иесі және бұл ғаламшарлардағы жанды-жансыз барлығын жоқтан баретіп жаратқан Алла Тағала адам баласын ерекше бейнеде жаратқан. Алла адамды басқа жаратылыстардан ерекше етіп жаратуындағы көптеген хиқметтері бар. Бүкіл ғаламды жоқтан бар етіп жаратқан Алланың құлдарына сәлем беруі, пенделерін басқа жаратылыстардан ерекше болғанын аңғарамыз. Алланың сөзі болған Құран Кәрімде Алла пенделеріне сәлем берген мынадай сөздер бар.
ӘН’АМ СҮРЕСІ 54. АЯТ
«Алланың аяттарына сенгендерге сәлем болсын»
А’РАФ СҮРЕСІ 46. АЯТ
«Сәлем болсын жәннаттықтарға»
РА’Д СҮРЕСІ 24. АЯТ
«Сәлем болсын сабыр еткендерге»
ХИЖР СҮРЕСІ 45-46. АЯТ
«Сәлем болсын тақуа мұсылмандар мен Алланың шектеулерін қорғағандарға»
НАХЛ СҮРЕСІ 32. АЯТ
«Сәлем болсын өлімі оң жағынан келгендерге»
МӘРИӘМ СҮРЕСІ 14-15. АЯТ
«Сәлем болсын дүниеде екен Аллаға қарсы келмеген құлдарға»
МӘРИӘМ СҮРЕСІ 32-33. АЯТ
«Сәлем болсын Ата-анасына жақсы мәмледе болғандарға»
ТАҺА СҮРЕСІ 47. АЯТ
«Сәлем болсын дұрыс жолды Алланың кітабынан іздегендерге»
ҚАСАС СҮРЕСІ 55. АЯТ
«Сәлем болсын бос істерден бойын аулақ ұстағандарға»
«Сәлем болсын жаһилдерден бастартқандарға»
АХЗАБ СҮРЕСІ 44. АЯТ
«Сәлем болсын ақыретте Рахманға қауышатындарға»
ИАСИН СҮРЕСІ 58. АЯТ
«Сәлем болсын ақыретте Алланың сәлем берген мүміндеріне»
ЗУХРУФ СҮРЕСІ 89. АЯТ
«Сәлем болсын иманға келмейтін адамдардан бастартқандарға»
УАҚИ’А СҮРЕСІ 91. АЯТ
«Сәлем болсын амал дәптері оңынан берілгендерге»
Жаратқан барша Мұсылмандарға жар болып, сәлемін еститін пенделердің қатарынан болуды жазсын.
Ислам құқық ғылымдарының докторанты
Исатай Бердалиев
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2016
12175
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру