Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құранның шарапаты

14.10.2016 4378 0 пікір

Құран мұсылмандардың қасиетті кітабы. Сан ғасырдлар өтсе де Алланың сөзі еш өзгерместен бүінге жетті. Және өзгермейді де. Құранның қорғаушысы Ұлы Жаратушы Өзі екенін Алла Тағала Құран Кәрімде: “Құранды біз түсірдік, оны қорғайтын да өзіміз” (“Хижр” сүресі, 9-аят), – деген.

Құран Кәрім алғаш рет Қадір түнінде түсе бастап, жиырма үш жылға созылған. Құранның сөздерін құрастырған адам емес, Алла Тағала. Құран Кәрім арапша Алла Тағала тарапынан құрастырылып, аяттар түрінде реттеліп, Жәбірейіл атты періште арқылы Мұхаммедке (ﷺ) түскен, Алла елшісі оны естіп, жаттап алып дереу сахабаларға оқып берген.

Құранның шарапаты мен қасиеттілігі сонда, мағынасы терең. Құранды зерттеген ғалымдар да оның тылсым сырларына әлі терең бойлай алмай келеді.

Барлық ғаламдағы жаратылыстың қыры мен сыры Құранда айтылған. Барлық ғылым тек Құраннан бастау алады. Атақты ғалымдар мен жазушылар да өздерінің ғажайып туындыларын жасар да Құранның бетін ашпай өтпеген.

Құранда барлық ғылымға байланысты пайымдаулар бар. Құранның айырықша қасиеті сонда.

Құран әлемдегі ең таңдаулы теңдесі жоқ кітап ретінде бағаланды.

Құран күллі мұсылманның бағдаршысы. Құранда ғылымға байланысты мәліметтердің керемет дәлдікпен берілгендігіне ғалымдардың өзі таң қалып отыр.

Құран жайлы ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ): «Құран сондай бір кітап – оның  ішінде сендерге дейінгі уақиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда шығарылатын үкімдер бар. Ол – ешбір әзілі жоқ төреші кітап. Оны менсінбей тәрк еткендерді Алла құрдымға батырады, ал одан басқадан тура жол іздегендерді адастырады. Өйткені, ол – Алланың мықты арқаны һәм хикметке толы сөзі, әрі ол – тура жол. Онымен жүргендер адаспайды, оны арқау еткен тілдер шатаспайды. Ғалымдар оны қанша оқыса да, әсте тоймайды. Көп оқылғаннан ол ескірмейді,  ғажайыптары сарқылмайды. Жындар оны естігенде, «Шындығында, біз  аса ғажап Құран естідік» деп  таңданыстарын жасыра алмады. Кім оған сүйеніп сөйлесе, туралық айтады, онымен үкім етсе, әділ болады, оны ұстанып өмір сүрсе, мол сауапқа кенеледі, оған шақырған тура жол табады».-деген.

Демек Құранның артықшылығын Алла елшісі (ﷺ) үмбетіне және адамзатқа осылай уағыздап кеткен.

Құранды тыңдау, үлкен сауап. Құранның нұры мен шарапаты тыңдаған адамның өзін шапағат нұрына бөлейді. Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінеді: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да үңдемендер. Осылайша рақымға бөленерсіңдер» («Ағраф» сүресі, 204-аят).

Халқымыз да Құранды ерекше құрметтеген. Аяқ асты етпей ең қадірлі жерге сақтап келген.

Қасиетті Құран ғасырларға, мәңгілікке жасайды.

Бауыржан қажы Нығызбекұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен қалалық мешітінің» бас имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру