Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қағбаны неліктен сағат тіліне қарсы бағытта айналамыз?

30.09.2016 7675 0 пікір

Қағбаны айналу, тәуап ету – мұсылмандардың үлкен, кіші қажылық кездерінде орындайтын рәсімдерінің бірі. Ең қызығы, мүміндер Қағбаны сағат тіліне кері бағытта айналады. “Неліктен?” деген заңды сұрақтың барлығының көкейінде пайда болары анық.

Бұл сұраққа ғылым былай деп жауап береді:

1. Адам денесіндегі қан сағат тіліне кері бағытта айналым жасайды.
2. Атом электрондары ядроны сағат жүрісіне қарсы бағытта айналады.
3. Ай өз осінде сағат тіліне қарсы айналады.
4. Жер де өз осінде керісінше айналым жасайды.
5. Жер Күнді сағат тіліне қарсы бағытта айналады.
6. Күн жүйесіндегі өзге планеталар да күнді сағат тіліне кері бағытта айналады.
7. Ғарыштағы барлық галактикалар сағат тіліне қарсы бағытта жөңкіледі.

Яғни біз де сағат тіліне қарсы бағытта Қағбаны айнала жүріп, бүкіләлемдік жүйеге ілесеміз. Және Алла тағала жаратқан дүниедегі бүкіл зат, кішкентайынан үлкеніне дейін, осылай Жаратушысына мақтау-мадақ айтып тұрады. Қағбаға тәуап жасау арқылы біз сонау Адам пайғамбардан (ғ.а.) Мұхаммед пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дейінгі бүкіл пайғамбарлардың табаны тиген жерді басамыз.

Мекке Мекке болғалы, Қағбаны айналға, оған тәуап жасаған адамдар саны толастаған емес. Және бұл үрдіс ақырет келмейінше тоқтамайды да. 

Аударған Хадиша Ермекқызы

Islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру